Сауалдар жәшігі
◼ Құзыры бар адамдар уағыздауды тоқтатуды бұйырса, қалай әрекет ету керек?
Кей кездері полиция қызметкерлері уағыздап жүрген жариялаушыларға заңды бұзғандарын айтып, уағыздауды тоқтатуды бұйырып жатады. Бұндай жағдайда сыпайыгершілік танытып, тез арада кетіп қалған дұрыс (Мат. 5:41; Філіп. 4:5). Уағыздауға құқылы екеніңді айтып, мәселені өз бетіңше шешуге тырыспа. Егер мүмкін болса, полиция қызметкерінен қызмет куәлігін көрсетуін сұра. Оның аты-жөнін, дәрежесін және қай құқық қорғау органынан екенін есіңе сақтап, кейіннен сол мәліметтерді жазып ал. Тез арада ақсақалдармен хабарлас. Ал олар бұл туралы филиалдағы бауырластарды құлақтандырады. Тұрғын үй кешенінің не көп қабатты үйдің жауапты адамдары кетуіңді сұраған жағдайда да, бірден айтқандарын істе және бұл жайлы ақсақалдарға мәлімде. Құзырлы адамдарға ізет көрсеткеніміз көптеген қиындықтарды болдырмауға көмектеседі (Нақ. с. 15:1; Рим. 12:18).