Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2009 жылғы 26 қазаннан басталатын аптада қарастырылады.
1. Яһуди патшасы Ұзияхпен болған жайттан бойымыздағы жақсы қасиеттерге қатысты қандай маңызды сабақ алуымызға болады? (Шеж. 2-ж. 26:15—21). (w99-U 1.12 26-б., 1, 2-абз.)
2. Иерусалимдегі су қорын көбейтуге және қорғауға Езекияның қанша күш жұмсағанынан қандай сабақ алуға болады? (Шеж. 2-ж. 32:3, 4). (w96-U 15.8 6-б., 1, 2-абз.)
3. Жосияның үлгісі жастарды Құдайға қызмет етуге және жалған ғибадатқа қарсы тұруға қалай талпындыруы мүмкін? (Шеж. 2-ж. 34:3, 8, 33). (w90-U 1.8 5-б., 2-абз.; w01 1.5 13-б., 9-абз.)
4. Жосия келісім сандығын ғибадатханаға қай жерден әкелді? (Шеж. 2-ж. 35:3). (w05 1.11 10-б.)
5. Халық басшылары қай мағынада “ұлының аяғын сүймек” [“ұлын сүймек” ЖД]? (Заб. 2:12). (w06 1.06 8-б.)
6. Неге кейбір жырларға кіріспе жасалған? (Заб. 3:1). (w06 1.06 8-б.)
7. Дәуіттің өзін Ехоба тастап кеткендей сезінуіне не себеп болуы мүмкін? (Заб. 21:2, 3). (w06 1.06 8-б.)
8. Қалайша зұлымдар “ауызбен көкті иеленгенсиді, тілмен жерге де билік еткенсиді”? (Заб. 72:9). (w06 1.08 21-б.)
9. Ехоба забур жыршысын қандай “ұлылықпен” қабылдады? (Заб. 72:24). (w87-U 15.8 21-б., 3-абз.; w03 1.7 9-б.)
10. ‘Алла Тағаланың панасы [“қасиетті орны” ЖД]’ деген не және қалай біз ол жерде ‘тұра’ аламыз? (Заб. 90:1, 2). (w06 1.08 23-б.)