Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.08. 4-б.
  • Сен тәлім бере аласың!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сен тәлім бере аласың!
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Ұқсас мәлімет
  • Патшалықтың азаматтарына қызметтерін атқаруды үйрету
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • Ехоба бізді уағыздау ісіне үйретуде
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Ақсақалдар, өзгелерді үйрету ісіне уақыт бөліп жүрсіңдер ме?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Дәрменсіздік сезімі қызметіңе кедергі болмасын
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 11.08. 4-б.

Сен тәлім бере аласың!

1. Әрбір жариялаушының қандай ерекше мүмкіндігі бар?

1 Адамға шындықты үйрету зор қанағат әкеледі. Адамның Патшалықтың хабарына құлақ асып жатқанын көру, сондай-ақ оған Әлемнің Әміршісіне жақындауға көмектесу біз үшін ең қуанышты сәттер болып табылады (Жақ. 4:8). Әрбір жариялаушы шындықты аңсап жүрген адамға тәлім беруді мақсат ету керек. Ол адамның қасиеттерінің, сырт-көрінісінің және жүріс-тұрысының өзгере бастағанын көреді (Мат. 28:19, 20).

2. Неге кейбір жариялаушылар зерттеу сабақтарын жүргізуден тартыншақтауы мүмкін және оларға не көмектеседі?

2 Ехобаға арқа сүйе. Ежелдегі адал қызметшілер өздеріне жүктелген қызметті орындай алмайтындай сезінген. Мұса, Еремия, Амос және басқа қарапайым адамдар Ехобаға арқа сүйегендіктен, бойларындағы күмән мен сенімсіздікті жеңіп, маңызды тапсырмаларды атқара алды (Мыс. ш. 4:10—12; Ерм. 1:6, 7; Амос 7:14, 15). Елші Пауыл да Құдайға сенгенінің арқасында ізгі хабарды ‘жариялауға батылы барғанын’ айтты (Сал. 1-х. 2:2). Демек, зерттеу сабақтарын нәтижелі өткізе алуымыз үшін Құдай бізге де қажетті көмек, даналық пен күш беретініне сенімді бола аламыз (Ишая 41:10; Қор. 1-х. 1:26, 27; Пет. 1-х. 4:11).

3, 4. Құдай Сөзінен тәлім беруді үйренуге не көмектеседі?

3 Тәлім беруді үйрен. Ұлы ұстазымыз Ехоба Құдай жүйелі түрде берілетін рухани тәлім арқылы бізді жақсы тәлімгер болуға дайындауда (Ишая 54:13; Тім. 2-х. 3:16, 17). Жазбаларды тереңірек түсінудің және Киелі кітап шындықтарын үйретуде жақсарудың мүмкіндіктерін барынша қолдансақ, Ехобаның тәлімін қабыл алатынымызды көрсетеміз. Мұны, негізінен, теократиялық қызмет мектебі мен қызмет кездесуінде үйренгенімізбен, қауымның барлық кездесулері бізді Құдай Сөзінен тәлім беруге дайындайды.

4 Терең рухани шындықтарды қарапайым етіп түсіндіруді үйрен. “Қызмет мектебі” кітабының 227-бетінде былай деп түсіндіріледі: “Талқылайтын сұрақты өзгелерге түсінікті еткің келсе, алдымен оны өзің жете түсініп алуың керек”. Қауым кездесулерінде түсініктеме беру арқылы тәлім бергенде қолдануға болатын басты ойларды есімізде сақтай аламыз. Кездесулерге жақсылап дайындал, сонда тәлім бере алатыныңа сенімділігің артады.

5. Жақсы тәлім бере алу үшін қауымдағылар қалай көмектеседі?

5 О бастан мәсіхшілер шәкірт дайындау ісінде қызметтес болып, бір-бірінен үйренгендері сөзсіз (Лұқа 10:1). Мүмкін болса ізашарлар, ақсақалдар және аралаушы бақылаушылар сияқты тәжірибелі жариялаушылармен Киелі кітап зерттеу сабақтарына бар. Олар Жазбалардағы шындықтарды түсіндіру үшін зерттеуге арналған басылымдардағы қарапайым көрнекі мысалдарды және тәлім беруге арналған құралдарды қалай қолданатынына назар аудар. Жақсы тәлімгер болуыңа көмектесетін кеңестер беруін сұра (Нақ. с. 1:5; 27:17). Бауырластардың көмегін бағала, өйткені, шын мәнінде, бұл — Құдай беріп отырған тәлім (Қор. 2-х. 3:5).

6. Құдай Сөзінің жақсы үйретушісі болу үшін не қажет?

6 Ехобаға арқа сүйеп, оның беріп жатқан тәлімін қабыл ал. Құдайға дұға етіп, жақсы үйретуші болуға көмектесуін сұра (Заб. 24:4, 5). Басқаларға өзің сияқты Құдай Сөзін үйретуші болуға көмектесу арқылы сен де қуанышқа бөлене аласың!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу