Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.08. 3-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Ұқсас мәлімет
  • Үйлену тойыңыз Ехобаға мадақ әкелетіндей өтсін
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Ехобаны мадақтайтын қуанышты үйлену тойлары
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдай және адамдар алдында құрметке лайық неке
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехоба куәгерлерінің үйлену тойы қалай өтеді?
    Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 11.08. 3-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Күйеу жігіт пен қалыңдық некелесуге арналған баяндаманың Патшалық сарайында айтылғанын қаласа, ақсақалдармен қандай мәселелерді талқылап алу қажет?

Киелі кітап принциптеріне сай ұйымдастырылған некелесу рәсімі Ехобаға даңқ әкеледі. Бұл, әсіресе, Патшалық сарайында некелесуге арналған баяндамаға қатысты, өйткені айналамыздағы адамдар онда өтетін кездесулерге қарап, біздің ұйымның қандай екенін біледі. ‘Бәрінде әдеп пен тәртіп сақталу’ үшін, Патшалық сарайында баяндаманың айтылуына қатысты күйеу жігіт пен қалыңдықтың өтінішін жергілікті ақсақалдар қарастырады (Қор. 1-х. 14:40).

Патшалық сарайында баяндаманың айтылуын қалайтын күйеу жігіт пен қалыңдық сол ғимаратта кездесулері өтетін қауымның қызмет комитетінен жазбаша түрде рұқсат сұраулары қажет. Олар баяндаманың айтылатын күні мен уақытын жазып, хатты мүмкіндігінше ерте бергендері дұрыс. Алайда қауым кездесулері өтетін уақытты ақсақалдар некелесуге арналған баяндамаға бола өзгертпейтінін есте ұстаулары қажет. Сондай-ақ күйеу жігіт пен қалыңдық Ехобаның әділ заңдары мен Киелі кітап принциптерін ұстанып өмір сүрулерімен белгілі болу керек.

Бұл кездесу Құдайға даңқ әкелетіндей өту үшін, күйеу жігіт пен қалыңдық баяндамаға қатысты шараларды қызмет комитетімен талқылап алғандары дұрыс. Ақсақалдар өз дегендерін істетуге тырыспайды, алайда жоспарланған қандай да бір нәрсені лайықсыз деп есептесе, некелесетіндер ақсақалдардың айтқанымен келісіп, өзгеріс ендіруге дайын болғандары жөн. “Патшалықтың әуендерін” және ән кітабындағы әндерді ғана қолдануға болады. Сондай-ақ Патшалық сарайын әшекейлеп, орындықтарды басқашалап қоюға рұқсат алу керек. Суретке не бейнетаспаға түсіретіндер болса, олар кездесудің лайықты өтуіне кедергі жасамау керек. Ақсақалдар күйеу жігіт пен қалыңдыққа Патшалық сарайында алдын ала дайындалуға рұқсат беруі мүмкін, бірақ бұл қауым кездесулеріне кедергі жасамау керек. Хабарландырулар тақтасына шақыру қағазын ілмеу керек. Алайда қызмет кездесуінде Патшалық сарайында некелесуге арналған баяндама айтылатыны жөнінде қысқаша хабарлауға болады.

Күйеу жолдас пен қыз жолдастың, немесе некелесу рәсіміне қатысатындардың, Ехоба куәгері болуы міндетті түрде емес. Алайда олар Киелі кітап принциптеріне қайшы келетін өмір салтымен белгілі немесе жүріс-тұрыстары адамдарда күмән тудыратын адамдар болмау керек. Баяндаманы мүмкіндігінше тағайындалған ақсақал айту керек. Ақсақалдар Құдай Сөзінің қабілетті оқытушысы болғандықтан, олар осы бір маңызды оқиғаға байланысы бар Жазбалардағы принциптерге баса назар аударады (Тім. 1-х. 3:2).

Сонымен қатар баяндама айту да ақсақалға жауапкершілік жүктейтіндіктен, ол ұйымдастырылған шаралармен алдын ала танысып алу керек. Ақсақал күйеу жігіт пен қалыңдықтан олар кездесіп жүргендегі қарым-қатынастарының тазалығы жөнінде сұрайды. Күйеу жігіт пен қалыңдық ашық әрі шыншыл болары сөзсіз. Егер некеге тұрғалы жатқан бауырластар бұрын некеде болған болса, Жазбалар мен мемлекеттік заңға сай, олардың бастары бос болу керек (Мат. 19:9). Олар ақсақалға ажырасқандары жөніндегі құжатты көрсеткендері жөн.

Күйеу жігіт пен қалыңдық ақсақалдармен ашық пікірлесіп, олармен қызметтес болса, некелесуге арналған баяндама бәріне де қуаныш әкелері сөзсіз (Нақ. с. 15:22; Евр. 13:17).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу