Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.08. 2-б.
  • Қызмет кездесулерінің кестесі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қызмет кездесулерінің кестесі
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Тақырыпшалар
  • 10 қарашадан басталатын апта
  • 17 қарашадан басталатын апта
  • 24 қарашадан басталатын апта
  • 1 желтоқсаннан басталатын апта
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 11.08. 2-б.

Қызмет кездесулерінің кестесі

10 қарашадан басталатын апта

17-ән

10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Шындықты білгіңіз келе ме?” трактатын тарату науқаны қауым аумағында қаншалықты алға басқаны туралы қызмет бақылаушысының есебін келтір. Көп жариялаушы қазан-желтоқсан айларындағы “Күзет мұнарасын” таратуды бастап кеткендіктен, тыңдаушылардан оны қалай ұсынғандарын және нәтижесі қандай болғанын сұрауға болады.

15 мин. Сүйіспеншілік пен жомарттық рухын дамыт. Ақсақалдың баяндамасы. 2008 жылғы 15 қарашадағы “Күзет мұнарасының” 6-бетіндегі мәліметке негізделген.

20 мин. “Біз құнды қазынамен бөлісеміз”a. 2-абзацты қарастырып жатқанда, тыңдаушыларды Ехобаның ұйымына қосылуға талпындырған немесе шомылдыру рәсімінен өткен кезден бері тереңірек түсінген Киелі кітаптағы шындықтар жайлы айтып беруге шақыр.

18-ән.

17 қарашадан басталатын апта

9-ән

10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.

15 мин. Сауалдар жәшігіb.

20 мин. “Сен тәлім бере аласың!”c Зерттеу сабағын жүргізе алмаймын деген ойды жеңген жариялаушымен не ізашармен сұхбаттас. Ол Ехобаның көмегіне қалай арқа сүйеді? Нәтижелі болу үшін ұйымның көмегін нақты қай жағынан көрді? Тәлім беру ісіне қатысып, қандай баталарға ие болды?

16-ән.

24 қарашадан басталатын апта

25-ән

10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және ерікті садақалар үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Желтоқсанда қандай әдебиет ұсынатынымызды айтып өт. Бір не екі ұсыныс көрсетілсін.

20 мин. Жергілікті қажеттіліктер.

15 мин. “Күзет мұнарасының” қазан—желтоқсан айларындағы санын ұсыну. Журналға шолу жасағаннан кейін, тыңдаушылардан аумақтағы адамдарға мақалалардың қайсысы әсіресе қызықты болуы мүмкін екенін сұра. Мақаланы ұсыну үшін, қандай сұрақ қоюға және қай жазба орнын оқуға болатынын айтып беруге шақыр. “Біздің патшалық қызметіміздегі” ұсынысты қалай қолдануға болатынын көрсет. Ақсақалдардың бірі жергілікті аумаққа лайық болатын мақаланы қолданып, журналды қалай ұсынуға болатынын көрсетеді.

22-ән.

1 желтоқсаннан басталатын апта

29-ән

10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қараша айындағы қызметтері жөнінде есеп тапсыруды жариялаушылардың естеріне сал.

15 мин. Қызметте болған оқиғалар. “Шындықты білгіңіз келе ме?” трактатын тарату науқаны кезінде қауымның аумағы қаншалықты қамтылғанын хабарла. Тыңдаушыларды трактатты таратқанда не оны зерттеу сабағын бастау үшін қолданғанда, қандай қызықты оқиғаларды бастарынан кешіргендерін айтып беруге шақыр. Сондай-ақ қараша айында “Киелі кітап үйретеді” басылымын ұсынғанда, қандай жігерлендірерлік оқиғалар болғаны айтылсын. Бір не екі ерекше оқиғаны көрсетуге болады.

20 мин. “Зерттеп жүргендерді қарсылықтарға төтеп беруге дайында”d. 2-абзацты қарастырып жатқанда, “Пікір алысу” (ор.) кітабының “Ехоба куәгерлері” деген тақырыптағы не “Ехоба куәгерлері. Олар кімдер?” кітапшасындағы (27—30 б.) мәлімет зерттеп жүрген адамдарға оларды уайымдайтын туыстары мен достарының сұрақтарына жауап беруге қалай көмектесетінін қысқаша қарастыр.

26-ән.

[Сілтемелер]

a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

d Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу