Зерттеп жүргендерді қарсылықтарға төтеп беруге дайында
1 Киелі кітапты зерттеуді бастаған және ‘Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетін’ адамдар Шайтанның басты нысанасына айналады (Тім. 2-х. 3:12). Сондықтан олар әріптестер, сыныптастар не көршілердің тарапынан қарсылық көруі мүмкін. Әсіресе, туыстарының түзу ниетпен көрсететін қарсылықтарына төзу қиынға соғатын болар (Мат. 10:21; Мар. 3:21).
2 Қарсылық болатыны алдын ала айтылған. Зерттеушілер қарсылық көретіндерін және бұл Мәсіхтің шынайы шәкірттері болудың белгісі екенін түсінулері керек (Жох. 15:20). Кейде адамдар Ехоба куәгерлері жайлы жаңсақ пікірде болғандықтан, қарсылық көрсетуі мүмкін. Мына нәрсені есіңде сақта: Құдайға мойынсұнып, Исаның ізбасары болғанымыз үшін қорлық көру зор қуанышқа бөлейді (Ел. іс. 5:27—29, 40, 41). Зерттеп жүрген адамдарға Ехоба оларды сүйіспеншілікпен қолдайтынын түсіндір (Заб. 26:10; Мар. 10:29, 30). Мінсіздіктерін сақтауларымен олар бүкіләлемдік билікке қатысты дауда Ехобаның жағында тұрғандарын көрсетеді (Нақ. с. 27:11).
3 Тура білімнің маңызы зор. Зерттеушілерге қиындықтарға қарамастан, тура білімді алуды тоқтатпау керектігін жақсы түсінуге көмектес. Қарсылықтар арқылы Шайтан олардың алып жатқан білімдерінің бейнелі жүректерінде ұялауына кедергі жасауға тырысады (Нақ. с. 4:23; Лұқа 8:13). Сондықтан зерттеушілер сенімдері терең тамыр жаю үшін Құдай Сөзінен тура білімді алуды жалғастыра берулері керек (Заб. 1:2, 3; Қол. 2:6, 7).
4 Төзімділік қажет. Кез келген қиын жағдайда төзімділік танытудың маңызы зор және бұл жақсы нәтиже беруі мүмкін (Лұқа 21:16—19). Зерттеушілердің қарсылықтарға төтеп бергені өздеріне және басқаларға игі. Адалдықпен төзімділік танытқандары үшін Ехоба оларға көл-көсір батасын төгеді (Жақ. 1:12).
5 Елші Пауыл салониқалық бауырластардың рухани өсіп жатқанын көріп қуанған әрі Құдайға олар үшін ризашылық білдірген. Олардың көбісі шындықты Пауылдың көмегімен қабыл алған болатын (Сал. 2-х. 1:3—5). Біз де зерттеп жүрген адамдарды қарсылықтарға төтеп беруге дайындайтын болсақ, Пауыл сияқты қуаныш пен қанағатқа бөленеміз.