Қауым кездесуінің жаңа кестесі
1, 2. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап қандай өзгерістер болады?
1 Бүкіл дүниежүзіндегі бауырластар 2008 жылы 21 сәуірден басталған аптада керемет бір хабар естіді. “2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қауымның кітап зерттеу кездесуі теократиялық қызмет мектебі және қызмет кездесуімен бірге өтетін болады. Қауымның кітап зерттеу кездесуі деген атау қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі деп өзгертіледі”.
2 Апта сайынғы кездесудің кестесі. Әндер мен дұғаларды қоса алғанда, бұл кездесу 1 сағат 45 минут өтетін болады. Алдымен, ән және дұға (5 мин.) айтылып, қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі (25 мин.) өткізіледі. Сосын, теократиялық қызмет мектебі (30 мин.) болады. Ал одан кейін ән (5 мин.) айтылып, қызмет кездесуі (35 мин.) өткізіледі. Кездесу ән және дұғамен (5 мин.) аяқталады. Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуінің, теократиялық қызмет мектебінің және қызмет кездесуінің кестесі ай сайын “Біздің патшалық қызметімізде” жарияланып тұрады. Мұның арқасында жариялаушы кездесулерге дайындалып келе алады.
3. Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі қалай өткізілетін болады?
3 Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі. Бұл кездесу “Күзет мұнарасын” зерттеу сияқты өткізіледі. Алдыңғы аптада өтілген мәліметті қайталаудың қажеті болмайды. Қайта, зерттеу қысқаша ғана кіріспе сөздермен басталу керек. Соның арқасында тыңдаушылардың бәрі қысқаша түсініктеме бере алатын болады. Төрағалық етуші бақылаушы осы кездесуді өткізетін ақсақалдарды тағайындайды. Ақсақалдар апта сайын ауысып тұрады.
4. Қызмет кездесуінде қандай өзгерістер болады?
4 Қызмет кездесуі. Қызмет кездесуінде тапсырмаларға берілетін уақыт қана өзгереді. Хабарландырулар бес минут айтылатын болады. Бұл уақыт маңызды хабарландырулар мен Бетелден келген хаттарды оқуға жеткілікті болу керек. Уағыздау кездесулерінің және кездесу орнын тазалау кестесі, қаржы есебі, сондай-ақ Бетелден келген кейбір хаттар мінбеден оқылмайды. Олар хабарландырулар тақтасында болады. Тапсырмалармен шығатын бауырластар жақсы дайындалып, уақыт пен берілген басшылықты тығыз ұстануға тиіс.
5. Қауымға аудандық бақылаушы келгенде кездесудің кестесі қандай болмақ?
5 Қауымға аудандық бақылаушы келгенде. Аудандық бақылаушының қауыммен қызметтесетін кестесі өзгермейді. Сейсенбі күні теократиялық қызмет мектебі мен қызмет кездесуі өтеді. Сосын, ән айтылып, аудандық бақылаушы 30 минуттық баяндама айтады. Ал аптаның басқа бір күні қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі ұйымдастырылады. Мұнда да ән айтылып, аудандық бақылаушы қызмет баяндамасын айтады. Бұл кездесу ән және дұғамен аяқталатын болады.
6. Топ бақылаушысы қандай қызметті атқарады?
6 Уағыздауға арналған кездесу. Ақсақалдар кеңесі уағыздау кездесулерін ұйымдастыруға және топтағы әр жариялаушының қамын ойлауға топ бақылаушыларын тағайындайды. Бұл міндетті қызмет көмекшісі атқаратын болса, оны “топ қызметшісі” деп атау керек.
7. Кездесулердің жаңа бағдарламасынан қандай пайда аламыз?
7 Жоғарыдағы мәліметтен көрінетіндей, бізде тәлім мен жігер беретін осындай мол рухани дастарқаннан дәм татудың тамаша мүмкіндігі бар. Соның арқасында жақсы уағыздаушы әрі тәлімгер болып, қызметте көбірек жеміс әкеле аламыз (Ефес. 4:13, 14; Тім. 2-х. 3:17).
8. Алдын ала дайындалудың өзімізге және өзгелерге қандай пайдасы бар?
8 Бұл кездесулерге алдын ала дайындалып келгеніміз әр бөлімде айтылатын негізгі ойларға ден қоюға көмектеседі. Сондай-ақ бір-бірімізді жігерлендіретін түсініктемелер бере алатын боламыз (Рим. 1:11, 12; Евр. 10:24). Біздің мақсатымыз — “Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйрету” арқылы ‘алға басқанымызды’ көрсету (Тім. 1-х. 4:15; Тім. 2-х. 2:15).
9. Біз не нәрсеге бел будық және неге?
9 Қауым кездесулеріне қатысты осы бір маңызды өзгерісті біз қуанышпен қабыл аламыз. Бәріміз де “адал да ақылды құлдың” басшылығына әрі қарай да мойынсұнып, көкжиектен көрініп қалған “ауыр азапқа” дайындап отырған Ұлы Бағушымызбен тығыз қарым-қатынасымызды сақтауға ұмтылайық (Мат. 24:21, 45 ЖД; Евр. 13:20, 21; Аян 7:14 сілт.).