Сауалдар жәшігі
◼ Теократиялық қызмет мектебінде, көпшілікке арналған кездесуде, қызмет кездесуінде және “Күзет мұнарасын” зерттеуге арналған кездесуде алғашқы әнді кім және қалай хабарлайды?
Теократиялық қызмет мектебінде айтылатын алғашқы ән қазан айында шығатын “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы мектеп бағдарламасында көрсетіледі. Қызмет кездесуінің басында және соңында айтылатын әндер “Біздің патшалық қызметіміздің” 2-бетіне шығады. Ал “Күзет мұнарасын” зерттеуге арналған кездесуде айтылатын әндер “Күзет мұнарасының” 2-бетінде көрсетіледі. Бұл әндер аталмыш кездесулердің бөлігі болып табылатындықтан, оларды алдыңғы кездесудің төрағасы емес, осы кездесуді жүргізетін бауырлас хабарлауы керек.
Мәселен, Теократиялық қызмет мектебінің бақылаушысы тыңдаушылармен сәлемдеседі де, алғашқы әнді хабарлайды және мектепті жүргізеді. Мектеп аяқталған соң, қызмет кездесуінде шығатын бірінші баяндамашыны мінбеге шақырады. Ал ол өз кезегінде қызмет кездесуінде айтылатын алғашқы әнді хабарлайды.
Тап солай, көпшілікке арналған кездесуді де сол кездесудің төрағасы ашады. Ол жылы сәлімдескен соң, бәрін баяндамашы таңдаған әнді шырқауға шақырады. Одан кейін төраға (немесе алдын ала таңдалған басқа бір лайықты бауырлас) дұға айтады. Сосын, баяндамашыны таныстырып, баяндаманың тақырыбын айтады. Баяндама біткен соң, ол баяндамашыға қысқаша ризашылық білдіреді. Бірақ баяндаманың негізгі ойларын қайталап шығудың қажеті жоқ. Ол келесі аптада айтылатын баяндаманың тақырыбын айтады да, барлығын “Күзет мұнарасын” зерттеуге қалуға шақырады. Төрағаға залдағылардан баяндамашының қауымына сүйіспеншіліктері мен сәлемдерін жолдағылары келетін-келмейтінін сұраудың қажеті жоқ. Содан соң ол “Күзет мұнарасын” жүргізетін бауырласты мінбеге шақырады.
“Күзет мұнарасын” жүргізетін бауырлас осы кездесудің алдында айтылатын әнді хабарлайды. Ол зерттеуді ұйымның нұсқауларына сай өткізген соң, соңғы әнді хабарлайды. Ал соңғы дұғаны әдетте баяндамашы айтады.
Осы негізгі ережелерді ұстанғанымыздың арқасында дүние жүзіндегі кездесулеріміз бірдей тәртіппен өтеді.