Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 10.08. 2-б.
  • Қызмет кездесулерінің кестесі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қызмет кездесулерінің кестесі
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Тақырыпшалар
  • 13 қазаннан басталатын апта
  • 20 қазаннан басталатын апта
  • 27 қазаннан басталатын апта
  • 3 қарашадан басталатын апта
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 10.08. 2-б.

Қызмет кездесулерінің кестесі

13 қазаннан басталатын апта

8-ән

10 мин. Жергілікті хабарландырулар. 20 қазаннан басталатын арнайы науқан кезінде қауымда қандай шаралар ұйымдастырылатынын айт. Жариялаушылар трактатты алмаған болса, оны алуды естеріне сал. “Күзет мұнарасының” қазан-желтоқсан санына берілген 8-беттегі ұсынысты қысқаша қарастыр. Көп жариялаушы осы журналды бірнеше апта бойы таратып жүргендіктен, оларды қызметте болған оқиғаларды айтып беруге шақыр.

35 мин. “Қауым кездесуінің жаңа кестесі”a. Уақыт болса, Жазба орындарын оқы да, тыңдаушыларды оларды түсіндіріп отыруға шақыр.

15-ән.

20 қазаннан басталатын апта

12-ән

5 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.

20 мин. Қызметте қуаныш сақта. “Күзет мұнарасына” негізделген жігерлендірерлік баяндама (1.07.05 30, 31-б., 11—17 абз.). Ехобаға адал әрі ұзақ уақыт қызмет етіп келген бір-екі бауырласпен сұхбаттас. Адамдар Ізгі хабарға ықылас танытпағанда, оларға қуаныш сақтауға не көмектеседі?

20 мин. “Күзет мұнарасының” қазан—желтоқсан айларындағы санын таратуға дайындал. Журналға шолу жасағаннан кейін, тыңдаушылардан аумақтағы адамдарға мақалалардың қайсысы әсіресе қызықты болуы мүмкін екенін сұра. Неге бұлай ойлайтындарын айтып берсін. Тыңдаушыларды әңгімені бастау үшін қандай сұрақ қоятынын және журналды бермес бұрын мақаладағы қай Жазба орнын оқитынын айтып беруге шақыр. Тапсырманы 8-беттегі немесе аумақта тиімді болатын басқа бір ұсынысты пайдаланып, журналды қалай ұсынуға болатынын көрсетумен аяқта.

16-ән.

27 қазаннан басталатын апта

23-ән

5 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.

10 мин. Жергілікті қажеттіліктер.

30 мин. “Киелі кітапты жеке және отбасымен бірге зерттеу өте маңызды”b Уақыт болса, Жазба орындарын оқып, тыңдаушыларды оларды түсіндіріп отыруға шақыр.

17-ән.

3 қарашадан басталатын апта

29-ән

10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қазан айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.

20 мин. Теократиялық қызмет мектебінің 2009 жылға арналған бағдарламасы. Мектеп бақылаушысы қосымшадағы нұсқауларға сай, мектепті өткізудің жаңа тәртібін тыңдаушылармен талқылайды. Өзгерістерге ерекше назар аудар. Бәрін де тапсырмаларына және Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойларға қатысты түсініктеме беруге жақсылап дайындалуға, сондай-ақ мектеп бақылаушысы апта сайын “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” кітабына негізделіп айтатын кеңестерді қолдануға шақыр.

15 мин. “Тәлім беру шеберлігіңді” арттыр. Қызмет бақылаушысы не басқа қабілетті ақсақал 2008 жылғы 15 қаңтардағы “Күзет мұнарасындағы” (9—12 б., 5—18 абз.) жақсы тәлім беруге қажетті бес негізгі жайтты қарастырады. Осы әдістерді қолданып, тәлім беру шеберлігін жақсартқан бір не екі жариялаушымен сұхбаттас.

11-ән.

[Сілтемелер]

a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу