Киелі кітапты жеке және отбасымен бірге зерттеу өте маңызды
1. Басқарушы кеңес Ехобаның халқының қамын ойлайтының қалай көрсетеді және неліктен?
1 Бірінші ғасырдағыдай, бүгінде Басқарушы кеңес Ехобаның халқының игілігі үшін қам жейді (Ел. іс. 15:6, 28). Ауыр азап жақындаған сайын, әрбір жариялаушының Ехобамен мықты қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Бұрын қауымның кітап зерттеу кездесуіне жұмсаған уақытты енді қалай қолданасыңдар? Оны отбасымен бірге ғибадат етуге қолданған дұрыс. Бұл уақытты даналықпен жұмсаудың арқасында Құдай Сөзін терең зерттеп, ондағы өмір беретін суды сарқып алатын боламыз (Заб. 1:1—3; Рим. 11:33, 34).
2. Отбасымен бірге ғибадат ету кешін қалай ұйымдастыруға болады?
2 Отбасымен бірге ғибадат ету кеші. Әрбір отағасы отбасылық зерттеуді мағыналы әрі жүйелі түрде өткізуі керек. Бұл олардың Ехобаның алдындағы жауапкершілігі болып табылады. (Заң. қ. 6:6, 7). Ал отбасылық міндеттері жоқ салт басты бауырластар бұрын кітап зерттеу кездесуіне жұмсаған уақыттарын жеке зерттеу мен ізденіс жүргізуге қолдана алады. Бәрімізге ‘зұлымдыққа толы күндері’ рухани мықты болып қалу үшін зерттеу мен ой жүгіртуге ‘қолайлы уақыттың құнын өтеп алу’ қажет (Ефес. 5:15, 16 ЖД).
3, 4. Қандай мәліметті зерттеуге болады және қандай мақсатпен?
3 Зерттейтін мәлімет. “Күзет мұнарасы басылымдарының индексінен” не компакт-дискідегі “Күзет мұнарасының кітапханасынан” зерттеуді қызықты етуге көмектесетін мәлімет табуға болады. Отбасымен “Күзет мұнарасындағы” “Отбасы бақытының сыры”, “Балаларыңа тәлім беріңдер” және “Жастарымызға арналған” деген айдарларды талқылауға болады. Ал “Ояныңдар!” журналынан “Жастардың сауалдары” айдарын және керемет жаратылыстар жайлы қызықты мақалаларды табуға болады.
4 Киелі кітапты асықпай оқудың арқасында үй-ішіндегілер Құдай принциптерін және үлгі болатын оқиғаларды жүректері мен саналарына тоқып алады (Евр. 4:12). Басқа бір жолы ұйымның бейне фильмдерін көріп, талқылауға болады. Мұндай зерттеулерде жасампаздық танытуға көп мүмкіндік бар. Сондай-ақ отбасы мүшелерінен не зерттегілері келетінін сұрауға болады.
5. Неге жеке және отбасымен бірге Киелі кітапты зерттеу қазір әсіресе маңызды?
5 Қазір аса маңызды. Рухани күйімізді нығайтқанның арқасында ‘берік тұрып, Жаратқан Иенің өзімізді құтқаратынын’ көре алатын боламыз (Мыс. ш. 14:13). Ата-аналарға балаларын “қазіргі қыңыр, азғын ұрпақтың арасында” тәрбиелеп өсіру үшін Құдайдың басшылығы қажет (Філіп. 2:15). Балалар мектептегі бұзылған ортаға төтеп беру үшін көмекке мұқтаж (Нақ. с. 22:3, 6). Ерлі-зайыптылар некелерінің Ехобамен бірге “үш қайтара өрілген жіптей” болуына күш салғандары игі (Екк. 4:12). Олай болса, аз қалған уақытты сенімімізді нығайту үшін даналықпен қолданайық! (Яһд. 20).