Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2008 жылғы 27 қазаннан басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2008 жылғы 1 қыркүйектен басталатын апта мен 27 қазаннан басталатын апта аралығында теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетіңше зерттеу жүргізуің керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Адамның белгілі бір нәрсеге не үшін сенетінін қалай білуге болады? (be 259-б., 1, 2-абз.).
2. Адамға жүрегіндегі алалаушылық пен жек көрушіліктен арылуға қалай көмектесуімізге болады? (be 260-б., 2-абз.).
3. Қызығушыларымызға рухани өсе беру үшін жүректерін тексерулеріне қалай көмектесуімізге болады? (be 261-б., 3-абз.).
4. Адамның жүрегіне әсер етуге тырыса отырып, нені ұмытпауымыз керек? (be 262-б., 5-абз.).
5. Неге қауым кездесуінде берілген уақытты ескерусіз қалдырмау керек? (be 263-б., 1, 3-абз., қоршау).
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
6. ‘Күнә өсиеттің көмегімен күнәкар құмарлықтардың әр түрін қоздырды’ деген сөздерді қалай түсінуге болады? (Рим. 7:8, 11). (w08 15.06 “Ехобаның сөзі тірі. Римдіктерге арналған хаттағы көңіл бұрарлық ойлар”).
7. “[Жауыңның] басына жанып тұрған көмірді үйе бересің” (Тт) деген сөздерді қалай түсінуге болады? (Рим. 12:20). (w08 15.06 “Ехобаның сөзі тірі. Римдіктерге арналған хаттағы көңіл бұрарлық ойлар”).
8. Қалай біз ‘жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шығамыз’? (Рим. 12:21).
9. “[Зұлым] адамды ескі тәнін жою үшін шайтанның қолына тапсыру керек. Осылайша рух құтқарылсын”,— деген нені білдіреді? (Қор. 1-х. 5:5). (w08 15.07 “Ехобаның сөзі тірі. Қорынттықтарға арналған хаттардағы көңіл бұрарлық ойлар”).
10. Исаның өлімін қанша уақыт сайын және қашанға дейін атап өту керек? (Қор. 1-х. 11:26). (w08 15.07 “Ехобаның сөзі тірі. Қорынттықтарға арналған хаттардағы көңіл бұрарлық ойлар”).
11. Неге сүйіспеншілік сенім мен үміттен артық? (Қор. 1-х. 13:13).
12. Қай мағынада біз “Мәсіхтің хош иісі іспеттіміз”? (Қор. 2-х. 2:15, 16).
13. Исаның жомарттығынан мәсіхшілер не үйренеді? (Қор. 2-х. 8:9). (w92-U 15.01 16-б., 10-абз.).
14. Қорынттықтарға 2-хат 12:2—4 тармақтарда қандай аян жазылған және бұл аянды кім көрген болса керек? (w04 1.11 8-б., 4-абз.; 10-б., 9-абз.).
15. ‘Құдай Рухына қызмет ету’ деген нені білдіреді? (Ғал. 6:8). (w08 15.08 “Ехобаның сөзі тірі. Ғалаттықтарға, ефестіктерге, філіпіліктерге және қолостықтарға арналған хаттардағы көңіл бұрарлық ойлар”).