Қызмет кездесулерінің кестесі
11 тамыздан басталатын апта
3-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Жариялаушылардан аймақтағы адамдарға жаңа журналдағы мақалалардың қайсысы қызықты болуы мүмкін екенін сұра. Сондай-ақ ондағы қандай ойларға назар аударғылары келетінін айтып берсін. Әңгіме бастау үшін қандай сұрақ қоюға болар еді? Содан кейін мақаладағы қандай жазба орнын оқып беруге болады? Айтылған ұсыныстардың бірін қолданып, журналды қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин. Құдай еркін алаңдамай атқар. “Шәкіртім болып соңымнан ер!” (ор.) кітабының 93, 94-беттеріндегі 12, 13-абзацтарына негізделген баяндама.
20 мин. “Сен оны барынша қолданып жүрсің бе?”a. “Күзет мұнарасының” таратуға арналған санының жаңа ерекшелігін қызметте қолданған жариялаушымен сұхбаттас. Болған оқиғаны көрсетіп беруге болады. Сондай-ақ, 2-абзацқа негізделе отырып, соңғы “Күзет мұнарасындағы” “Исадан тәлім аламыз” айдарының көмегімен зерттеу сабағын қалай бастауға болатынын көрсет.
9-ән
18 тамыздан басталатын апта
11-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. “Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасын” талқыла. Егер белгілі болса, бұл конгрестің қашан өтетінін хабарла. Жариялаушыларды келесі қызмет кездесуіне шілде—қыркүйек айларындағы “Күзет мұнарасын” ала келуге және аумаққа лайықты болатын ұсыныстарды талқылауға дайындалып келуге шақыр.
20 мин. Біздің киіміміз бен сырт көрінісіміз Ехобаны даңқтайды. Ақсақалдың баяндамасы. Ехоба — қасиетті Құдай болғандықтан, оның халқы да тазалыққа ерекше мән береді (Мыс. ш. 30:17—21; 40:30—32). Киіміміз бен сырт көрінісіміздің әсіресе, қызметте үлгілі болғаны Ехобаға ұнайды әрі оған даңқ әкеледі (Пет. 1-х. 2:12). Ал керісінше болса, ‘Құдай сөзі жамандалады’ (Тит. 2:5). Жариялаушының үлгілі сырт көрінісі куәлік беруге қалай септігін тигізгенін көрсететін жергілікті не әдебиеттерімізде келтірілген оқиғаны айтып бер.
15 мин. Күшті куәлік беріп жүрген жастар. Жақында мектепке баратын балалар мен олардың ата-аналарын жігерлендіретін баяндама. Куәлік берудің мүмкіндігін жібермеуді жастардың есіне сал. Уақыт болса, залдағыларды мектепте қалай куәлік бергендерін айтып беруге шақыр.
25-ән
25 тамыздан басталатын апта
5-ән
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. “Арнайы бір күндік конгрестің жаңа бағдарламасын” талқыла. Егер белгілі болса, бұл конгрестің қашан өтетінін хабарла.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
15 мин. Шілде—қыркүйек айларындағы “Күзет мұнарасын” ұсынуға дайындал. Залдағылармен бірге талқылау. Журналға қысқаша шолу жасаған соң, жариялаушылардан аумақтағы адамдарға қай мақалалар қызықты болатынын сұра. Әңгіме бастау үшін қандай сұрақ қоюға болар еді? Содан кейін мақаладағы қандай жазба орнын оқып беруге болады? “Біздің патшалық қызметіміздегі” ұсынысты қалай қолдануға болатынын көрсет. Ақсақалдардың біреуі журналдағы жергілікті адамдар үшін қызықты болатын мақаланың бірін қолданып, өзі дайындап келген ұсынысты көрсетсін.
22-ән
1 қыркүйектен басталатын апта
2-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Тамыз айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
20 мин. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. 2008 жылғы 15 сәуірдегі “Күзет мұнарасының” 25—28 беттеріне негізделген баяндама. Қауымдағы жергілікті қарттар үйінде тұратын мәсіхшілерді атап өт. Ондайлар болмаса, мақаладағы принциптерге сүйене отырып, бауырластарды ауру не мүмкіндіктерін шектейтін басқа себептермен қауымның ісіне толықтай атсалыса алмайтын адамдарға көмектесуге талпындыр.
15 мин. Қыркүйекте адаммен алғаш кездескенде-ақ зерттеу сабағын баста. Залдағылармен талқылау. Қыркүйекте біз “Киелі кітап үйретеді” кітабын ұсынамыз және үй иесімен алғаш кездескен кезде-ақ бірнеше абзацты талқылап кетуге тырысамыз. 2006 жылдың қаңтарындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” (ор.) қосымшасындағы кеңестерді бір шолып шық және алғаш сөйлескен адаммен зерттеу сабағын бастаудың бір-екі жолын көрсет.
18-ән
[Сілтеме]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.