Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасы
Шынайы ғибадатқа қатты қарсылық көрсетіп жатқандарға қалайша табандылықпен қарсы тұруға болады? Бізді құдайдан безген дүниеге қайтаруға тырысатын күштерге қалай тойтарыс беруге болады? 2009 қызмет жылындағы аудандық конгресте осы маңызды сұрақтарға қанағаттандырарлық жауаптар аламыз. Оның тақырыбы ‘Жамандықты жақсылықпен жеңіп шық!’ деп аталады (Рим. 12:21). Енді, конгресс бағдарламасын шолып шығайық.
Облыстық бақылаушы “Жамандықты жақсылықпен жеңу үшін күш алғандар”, “Өзімізге тым сенімді болудан сақтанайық!”, “Жақында зұлымдық атаулы жоқ болады!” және “Дүниені жеңіп шығу үшін сенімімізді нығайтайық” деген баяндамаларды айтады. Ал аудандық бақылаушы Римдіктерге 13:11—13 негізделген “Қазір сергек болатын уақыт!” деген және Нақыл сөздер 24:10-ға негізделген “Қиындыққа тап болғанда мойыма” деп аталатын баяндамаларды айтып жеткізеді. Сондай-ақ аудандық бақылаушы “Ауданның қажеттіліктері” деп аталатын бөліммен шығады. Бұл конгресте сонымен қатар “Ізашар болу арқылы осы ‘қызметті атқара’ аласың ба?” деген жігерлендірерлік баяндаманы тыңдаймыз. Екі бірқатар баяндамалардың алғашқысы “Ібілістің қастық іс-әрекеттеріне берілме” деп аталады. Бұл баяндамалар техникалық жетістіктер, көңіл көтеру мен демалу, сондай-ақ білім алу саласында Ібілістің айла-амалдарын аңғарып, оларға берілмеуге көмектеседі. “Осы зұлым заманда Шайтанға қарсы тұру үшін күш алайық” деген жалпы атауы бар бірқатар баяндамалар Ефестіктерге 6:10—18 тармақтардағы киелі рухтың жетелеуімен жазылған кеңесті қалай толығырақ қолдануға болатынын көрсетеді.
Зұлымдықтың көзі Шайтанды жеңу мен Патшалық хабарын жариялаудың арасында тікелей байланыс бар (Аян 12:17). Шайтанның Ехоба куәгерлеріне дамылсыз шабуылдайтынына таңғалудың қажеті жоқ (Ишая 43:10, 12, ЖД). Шайтан ойсырай жеңіледі, өйткені біз ‘жамандықты жақсылықпен жеңіп’ отыруға бел буғанбыз. Осы аудандық конгрестің толық пайдасын көру үшін оның барлық бөліміне қатысуды қазірден жоспарла.