Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасы
Ехоба атақ-даңққа лайық. Біз оны қалай дәріптеп жүрміз? Кейбіреулер бұған қатысты қандай қиындықтарға кезігуде? Құдайды дәріптейтін адамдар қандай баталарға ие болуда? 2008 жылғы аудандық конгресте осы сұрақтардың қанағаттандырарлық жауаптарын естиміз. Оның тақырыбы ретінде “Бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!” деген сөздер таңдалды (Қор. 1-х. 10:31). Осы екі күндік рухани тойда бізді қандай мол ас-су күтіп тұрғанын қарастырып көрейікші.
Облыстық бақылаушы “Неге Құдайды дәріптеу керек?” және “Құдайдың талаптарын орындауға қатысты үлгі көрсет” деген баяндамаларды айтады. Сонымен қатар ол “Қай халық Құдайды дәріптеп жүр?” деген көпшілікке арналған баяндаманы және “Дүниежүзі бойынша Құдайды бір ауыздан дәріптейміз” деп аталатын соңғы баяндаманы айтып жеткізеді, сондай-ақ Теократиялық қызмет мектебін жүргізеді. Ал аудандық бақылаушы “Құдайдың даңқын көрсетуден қуаныш тап”, “Ауданның қажеттіліктері” және Петірдің 2-хаты 1:12-ге негізделген “Шынайы ілімді берік ұстаныңдар” деп аталатын баяндамалармен шығады. Бұған қоса біз “Ізашарлық қызмет Құдайды дәріптейді” деген баяндаманы тыңдаймыз. Ойлануға талпындыратын екі бірқатар баяндамалардың алғашқысы “Құдайды өміріміздің барлық саласында дәріптейміз” деп аталады. Онда Қорынттықтарға 1-хат 10:31-дегі сөздердің мағынасы қаншалықты терең екені талқыланады. “Қасиетті қызметімізді Ехобаны дәріптеу үшін атқарамыз” деген бірқатар баяндамаларда ғибадатымыздың әртүрлі қырлары қарастырылады. Конгресс бағдарламасына “Күзет мұнарасын” шолу мен жексенбілік тармақты талқылау да кіреді. Сондай-ақ шомылдыру рәсімі өткізіледі.
Жалпы алғанда, адамзат Құдайды мойындаудан бас тартады. Бар назарын адам ойлап тапқан нәрселер жаулап алғандығы сонша, көп адамның Ехобаның ұлылығы туралы ойланатын мұршалары жоқ (Жох. 5:44). Бірақ біз ‘бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеу’ деген нені білдіретінін қарастыруға уақыт бөлудің маңызды екеніне сенімдіміз. Сондықтан конгрестің толықтай пайдасын көру үшін оның барлық бөліміне қатысуды қазірден жоспарла.