Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Тамызда келесі 32 беттік кітапшалардың кез келгенін ұсынуға болады: “Құдай қамымызды ойлай ма?”, “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!”, “Сергек болыңдар!”, “Жұмақ орнататын үкімет”, “Өлген соң адаммен не болады?”, “Құдайдың басшылығы”, “Жалпыға арналған кітап”. Сондай-ақ келесі трактаттарды да ұсынса болады: “Өлмейтін рух” (Т-25), “Киелі кітапқа сену” (Т-13), “Киелі кітапты білу” (Т-26). Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Адаммен алғаш сөйлескен кезде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Егер адамда бұл кітап бар болса, зерттеу сабағының қалай өтетінін қысқаша көрсету арқылы кітапты қалай пайдалануға болатынын түсіндір. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Адам қызығушылық танытса, зерттеу сабағын бастау үшін “Киелі кітапты білу” (Т-26) трактатын көрсетіп, оны бірге талқылаңдар. Қарашада “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Желтоқсанда “Ең ұлы адам” кітабын ұсынамыз. Сондай-ақ “Иса деген кім?” (Т-24) және “Дүние кімнің билігінде?” (Т-22) трактаттарын ұсынуға болады. Егер үй иесі балалары бар екенін айтса, “Менің Киелі кітап әңгімелерім” басылымын ұсыныңдар. Қаңтарда “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Үй иесінде бұл кітап бар болса, “Ғибадат етіңдер” немесе “Ехобаға жақында” кітаптарын, сондай-ақ “Ехоба деген кім?” (T-23) және “Ең ұлы есім” (T-72) трактаттарын ұсынуға болады.
◼ Қауымдар келесі жолы әдебиетке тапсырыс бергенде, 2009 жылғы “Жылнамаға”, “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарының 2008 жылғы топтамаларына және дискке басылған 2008 жылғы “Күзет мұнарасының кітапханасына” тапсырыс берулеріне болады. Бұл құралдардың қай тілдерде шығатыны туралы тізім ай сайын жіберіліп тұратын “Барлық қауымға арналған хабарландыруда” келтіріледі. 2008 жылғы “Күзет мұнарасының кітапханасы” қауымның шомылдыру рәсімінен өткен мүшелеріне ғана арналғанын және оны қауым арқылы ғана алуға болатынын естеріңе салғымыз келеді.
◼ Қайтадан қауым мүшесі болғысы келетін, қауымнан шығарылған немесе қауымнан бас тартқан адамдарға қатысты 1991 жылғы “Күзет мұнарасының” (ор.) 15 сәуірдегі нөмірінің 21—23 беттерінде берілген басшылықты ұстануды ақсақалдардың естеріне саламыз.