Адамдарға қайта барғанда нәтижелі болудың кілті — дайындық
1. Ертеде басталған уағыз ісі қаншалықты кең тарамақ еді?
1 Иса шәкірттерін ‘Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды’ нәтижелі уағыздаулары үшін жақсылап дайындаған (Мат. 4:23; 9:35). Иса оларды уағыз ісіне тек Палестина аймағында ғана үйреткен. Алайда ол көкке көтерілмес бұрын, ‘күллі халықтардан шәкірттер’ дайындау үшін мәсіхшілердің уағыз ісін кең көлемде жүргізетінін мәлім етті (Мат. 28:19, 20).
2. Исаның шәкірт дайындауға қатысты өсиетін орындауға не жатады?
2 Бұл іске Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарға қызығушылық білдіргендерге қайта бару және оларға Мәсіхтің өсиет еткендерінің бәрін ұстануды үйрету жатады. Адамдарға қайта барғанда әңгімеміз нәтижелі болу үшін бізге жақсылап дайындалу қажет.
3. Қалай адаммен алғаш сөйлескен кезде-ақ оған қайта баруға жол ашуға болады?
3 Алдын ала жоспарла. Кейбір жариялаушылар адаммен алғаш сөйлесіп болған соң, артынан қандай да бір сұрақ көтеріп, сосын, оған келесі жолы жауап беруді уәде етеді. Олар қызығушылық танытқандарға қайта барғанда “Киелі кітап үйретеді” кітабындағы мәліметті қолданып, бірден зерттеу сабағын бастауға болатынын байқаған.
4. Неге журналдардың келесі санын күтіп отырмай, адамдарға қайта баруымыз керек?
4 Журналдардың бір санын әкелген соң, адамға қайта бармай, олардың келесі саны келгенше күтіп отырмауымыз керек. Оның қызығушылығын арттыру үшін, қалдырған журналдағы мәліметтерді қарастыруға болады.
5. Қайта барғанда белгілі бір мақсатты көздегеніміздің қандай пайдасы бар?
5 Белгілі бір мақсатты көзде. Адамға қайтып бармас бұрын, бірнеше минут бөліп, ол туралы жазып алғандарыңды қарап шық және не нәрсеге қол жеткізгің келетінін анықтап ал. Мысалы, алдыңғы жолы қалдырған басылымдағы қандай да бір ойды талқылайтын шығарсың. Я болмаса соңғы әңгімелеріңе қатысы бар қосымша әдебиет қалдырарсың. Ал соңғы барғанда қандай да бір сұрақ көтерген болсаң, мақсатың соған жауап беру болары анық. Айтқан сөзіңді растау үшін тармақтарды Киелі кітаптың өзінен оқып беруге тырыс.
6. Адамдарға қайта барғандағы мақсатымыз қандай?
6 Қол жеткізгіміз келетін мақсатымыз. Әрине, біздің мақсатымыз — зерттеу сабағын бастау. Бір бауырлас қызығушылық танытқан кісіге қайта барып, зерттеу сабағын ұсынады, бірақ ол бұдан бас тартады. Бауырлас оған соңғы журналдарды алып қайта барады да: “Бүгін біз адамдардың сұрағына Киелі кітаптан жауап беріп жүрміз”,— дейді. Сол кісінің пікірін білген соң, ол Жазба орнын оқып, Киелі кітапты зерттеуге арналған басылымдағы лайықты абзацты көрсетеді. Нәтижесінде, әлгі кісі зерттеу сабағын жүйелі түрде өтетін болады.
7. Жақсылап дайындалғаның зерттеу сабағын бастауға қалай көмектесті?
7 Қайта баруға дайындалу күш салуға тұрарлық. Осылай етсек, қуанышымыз арта түседі және ‘мәңгі өмір сүруге ыңғай танытқандарға’ өмір жолымен жүруге көмектесе аламыз (Ел. іс. 13:48, ЖД).