Қызмет кездесулерінің кестесі
9 маусымнан басталатын апта
5-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. 4-беттегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, сәуір—маусым айларындағы “Күзет мұнарасын” қалай ұсынуға болатынын көрсет.
20 мин. Зерттеу сабағын өткізуге дайындалу. 2004 жылдың тамызындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 1-бетіндегі мәліметке негізделген баяндама. Баяндаманың соңында екі жариялаушы көрініс көрсетсін. Алғашқысы зерттеу сабағына жылдам дайындалып бара салғысы келеді. Ал екіншісі дайындалғанда “Біздің патшалық қызметіміздегі” кеңестерді ескереді.
15 мин. “Тоқтамастан уағыздаңдар”a. Уақыт болса, залдағылардан Жазба орындарын оқып, түсіндіріп отыруын сұра.
3-ән
16 маусымнан басталатын апта
20-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. Жариялаушыларды келесі қызмет кездесуіне шілде—қыркүйек айларындағы “Күзет мұнарасын” ала келуге және оны қалай ұсынғылары келетіндерін айтып беруге дайындалып келуге шақыр.
15 мин. Ізгі хабардың іс жүзіндегі пайдасы. “Қызмет мектебі” кітабының 159-бетіне негізделген баяндама және залдағылармен талқылау. Жариялаушылардан дәл қазіргі уақытта жергілікті адамдарды не толғандыратынын және ұсыныстарымызды осыған сай қалай бейімдеуімізге болатынын сұра.
20 мин. “Сенің отбасың Құдайдың күніне дайын ба?”b. Уақыт болса, тыңдаушыларды Жазба орындарын түсіндіріп отыруға шақыр.
13-ән
23 маусымнан басталатын апта
25-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Шілдеде қандай әдебиет ұсынатынымызды айтып өт. Бір ұсыныс көрсетілсін.
20 мин. Жалпы ізашарлық қызмет өмірімізді анағұрлым мағыналы етеді. 2008 жылдың 15 қаңтарындағы “Күзет мұнарасының” 17, 18-беттеріне негізделген баяндама. Егер қауымда бар болса, біреуі қызметін жаңа бастаған, екіншісі көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан екі жалпы ізашармен сұхбаттас. Олар қызметтің осы керемет түрін бастағалы бері өмірлерінің қалай мағыналы бола түскенін айтып берсін.
15 мин. Соңғы журналдарды таратуға дайындал. Залдағылармен бірге талқылау. “Күзет мұнарасының” шілде—қыркүйек айларындағы санына қысқаша шолу жасағаннан кейін, залдағылардан аймақтағы адамдарға мақаланың қайсысы және неге қызықты болуы мүмкін екенін сұра. Сондай-ақ журналды ұсынғанда қолданғылары келген мақаланың кейбір тұстарын айтып өтуге шақыр. Әңгімені бастау үшін қандай сұрақ қоюға болар еді? Содан кейін мақаладағы қай жазба орнын оқып берсе болады? Жариялаушылардың айтқан ұсыныстарының бірін көрсетіп бер.
10-ән
30 маусымнан басталатын апта
4-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Маусым айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
20 мин. Әңгімелесуді үйрену. “Қызмет мектебі” кітабының 62-бетіндегі 4-абзацынан 64-беттің соңына дейінгі мәліметке негізделген баяндама және залдағылармен талқылау. Мәліметті жергілікті жағдайға бейімде. Үйме-үй не бейресми түрде уағыздағанда, адамдармен әңгімені оңай бастап кететін жариялаушымен қысқаша сұхбаттас.
15 мин. Естеріңде ме? 2008 жылдың 15 сәуіріндегі “Күзет мұнарасының” 29-бетіндегі мәліметті залдағылармен бірге талқылау.
2-ән
7 шілдеден басталатын апта
26-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Үй иесі басқа тілде сөйлесе”c. Бұл бөлімді қызмет бақылаушысы дайындайды. 2-абзацқа келгенде, қауымдарыңның аумағында басқа тілде сөйлейтін тағы қандай топ немесе қауым уағыздайтынын айт. Қауымдар осы аумақта уағыздағанда, бір-бірімен қызметтесу үшін қандай шаралар қарастырылғанын айтып өт.
15-ән
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.