Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.08. 3-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 6.08. 3-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Маусымда “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабы. Зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Шілдеде және тамызда келесі 32 беттік кітапшалардың кез келгенін ұсына беруге болады: “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?”, “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!”, “Сергек болыңдар!”, “Жұмақ орнататын үкімет”, “Өлген соң адаммен не болады?”, “Жалпыға арналған кітап”, “Құдайдың басшылығы”. Сондай-ақ келесі трактаттарды да ұсынуға болады: “Өлмейтін рух” (T-25), “Киелі кітапқа сен” (T-13), “Киелі кітапты біл” (T-26). Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Адаммен алғаш сөйлескен кезде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Егер ол адамда бұл кітап бар болса, зерттеу сабағының қалай өтетінін қысқаша көрсету арқылы кітапты қалай пайдалануға болатынын түсіндір. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Адам қызығушылық танытса, зерттеу сабағын бастау үшін “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” трактатын көрсетіп, оны бірге талқылаңдар. Қарашада “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар.

◼ Тамызда бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, бұл айда қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.

◼ Төрағалық етуші бақылаушы тағайындаған бауырлас қауымның наурыз, сәуір және мамыр айларындағы қаржы есебін тексеруі керек. Қаржы жөніндегі кезекті есеп берілгеннен кейін, тексеру жүргізілгені қауымда хабарландырылуы тиіс (“Қауым қаржысын тексеруге қатысты басшылық” (S-27-U) бланкін қара).

◼ Жалпы ізашарларға арналған өтініш бланктері офиске ізашарлық қызмет басталатын датадан, кем дегенде, 30 күн бұрын жіберілу керек. Қауым хатшысы осы бланктердің толық толтырылғанына көз жеткізуі керек. Бланк толтырған адамның шомылдыру рәсімінен өткен күні есінде болмаса, сол күнді шамалап жазып, өзіне де сақтап қойсын. Қауым хатшысы бұл датаны “Жариялаушылардың есептерін тіркеу қағазына” (S-21) жазып қою керек.

◼ 2008 жылдың мамыр айынан бастап “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарының орыс тіліндегі аудиофайлдары интернеттегі www.jw.org. веб-сайтында шыға бастады. Осыған орай көп адам бұл журналдар басылған CD немесе MP3 дисктердің қауымға келгенін күтіп отырмай, оларды интернеттен көшіріп алғысы келеді. Мәлімет көшірілген сайын ұйым бұған ақша төлеп отырады. Алайда мәліметтерді осындай жолмен тарату дисктерді басып шығарып, қауымдарға жеткізуге қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Сондықтан мәліметті интернеттен көшіретін жариялаушылар CD немесе MP3 дисктерге тапсырыс беріп қойса, журналдарға жауапты бауырласқа бұл тапсырыстарды енді қажет етпейтінін айтқаны жақсы болар еді. Басқа да тілдердегі аудио бағдарламалардың саны www.jw.org. сайтында тез көбейетін болады.

◼ 2008 жылғы облыстық конгреске арнайы шақыру қағазының болмайтынын ескерулеріңді өтінеміз. Алайда біз жақын арада дүниежүзі бойынша ерекше науқан жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұған қатысты алдағы уақытта қосымша мәліметтер берілетін болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу