Қызмет кездесулерінің кестесі
12 мамырдан басталатын апта
4-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. 8-беттегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” сәуір—маусым айларындағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин. Біз кез келген сынаққа төтеп бере аламыз! 2005 жылдың 15 маусымындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 30, 31-беттеріне негізделген баяндама. Өзің алдын ала таңдаған жариялаушылардан нақты қандай сынаққа кезіккендерін және оған төтеп беруге Ехобаның қалай көмектескенін сұра.
20 мин. Жаз айларында қосалқы ізашар бола аласың ба? Залдағылармен бірге талқылау. “Ұйымдасқанбыз” кітабының (ор.) 112, 113-беттеріндегі қосалқы ізашарларға қойылатын талаптарды айтып шық. Қосалқы ізашар болу үшін жұмыстарынан демалыс алған жариялаушылардан қандай батаға ие болғандарын сұра. Жазғы демалыста ізашар ретінде қызмет еткен мектеп оқушылары басқа жариялаушылардың өздерін жігерлендіріп, қалай көмек көрсеткенін айтып берсін. Оларға ізашарлық қызмет рухани өсуге қалай көмектесті? Олар қандай қуанышқа кенелді? Жазғы айларда қосалқы ізашар болуға лайық бауырластардың бәрін осы жайында ойланып көруге талпындыр.
17-ән
19 мамырдан басталатын апта
7-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Сауалдар жәшігін шолып шық.
15 мин. “Патшалық сарайының құрылысы шынайы ғибадаттың өркендеуіне ықпал етеді”a.
20 мин. “Сен мол байлыққа ие бола аласың!”b “Ұйымдасқанбыз” кітабының (ор.) 113, 114-беттеріндегі жалпы ізашарларға қойылатын талаптарды айтып өт. 1 қыркүйектен бастап ізашар болғысы келетін бауырластар өтініш бланкін мүмкіндігінше тез арада толтырулары керек.
29-ән
26 мамырдан басталатын апта
6-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Мамыр айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
15 мин. “Қамытымды қатар киісіңдер”c. Уақыт болса, залдағылардан Жазба орындарын оқып, түсіндіріп отыруын сұра.
20 мин. Маусым айында “Киелі кітап үйретеді” басылымын ұсынамыз. Баяндама және көрініс. 2006 жылдың қаңтар айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы ұсыныстардың кейбіреуіне шолу жасау. Екі бөлімнен тұратын көрініс дайында. Кітапты қалай ұсынуға болатынын және зерттеу сабағын бастау мақсатымен адамға қайта барғанда не айтуға болатынын көрсет.
3-ән
2 маусымнан басталатын апта
27-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Наурыз, сәуір және мамыр айларында қанша адамның қосалқы ізашар болғанын айтып, оларды мақта. Қанша адам зерттеу сабағын бастағанын және қызметте қол жеткізген басқа да жетістіктерді айтып өт. Залдағыларды Еске алу кешіне және оған шақыру қағазын тарату науқанына байланысты болған оқиғаларды айтып беруге шақыр. Бір жариялаушымен қысқаша сұхбаттасып, одан қосалқы ізашарлық қызметтің қандай батасын көргенін сұра.
20 мин. “Көбірек зерттеу сабағы қажет”. Қызмет бақылаушысының баяндамасы және залдағылармен талқылау. Қауымның аймағында зерттеу сабақтарының қалай жүріп жатқанын айт. Бауырластардың осы саладағы мақтауға тұрарлық істерін айтып өт. Балалармен зерттеуді қоса алғанда, зерттеу сабақтарын бастап, оларды жалғастыру үшін тағы не істеуге болатынын түсіндір. Бесінші абзацтағы ойды анық көрсету үшін балаларымен зерттеу сабағын жақсы жүргізетін әкемен не шешемен сұхбаттас. Сегізінші абзацты оқып, онда айтылған сегіз кеңеске ерекше назар аудар. Жариялаушылар он үшінші абзацты жақсы түсінулері үшін зерттеу сабағын жақсы жүргізетін бауырластан сабақты қалай көп тоқтала бермей өтіп шығуға болатынын сұра. Жариялаушының жақсы нәтижеге қалай қол жеткізгенін көрсететін жақсылап таңдалған жергілікті оқиғаны айтып өтуге болады.
15 мин. “Жақсылық атаулыны жасауға дайын бол”d. Жариялаушылардан үйме-үй уағыздауға қалай және қашан дайындалатындарын сұра.
20-ән
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.