Қызмет кездесулерінің кестесі
ЕСКЕРТУ: “Біздің патшалық қызметімізде” жаз айларындағы әр аптада өтетін қызмет кездесуінің кестесі беріледі. Қауымдар “Бізді Құдай рухы жетелейді” деп аталатын облыстық конгреске байланысты өзгерістер жасауларына болады. Орынды болса, облыстық конгрестің алдындағы аптада осы айдағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы жергілікті аймақта қолдануға болатын кеңестер мен ескертулерді қайталауға 15 минут бөліңдер. Ал конгрестен кейін бір-екі ай өткен соң, қызмет кездесуінде (мүмкін, “Жергілікті қажеттіліктердің” орнына) конгрестегі маңызды ойларды қайталауға 15—20 минут бөліңдер. Қайталауды қызмет бақылаушысы жүргізуі керек. Жариялаушылардан осы мәліметтерді қызметтерінде қалай қолданып жүргендерін немесе қалай қолданғылары келетінін сұра.
14 сәуірден басталатын апта
27-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. 8-беттегі немесе өз аймақтарың үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” сәуір—маусым айларындағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин. “Ризашылықтарыңды көрсетіңдер”a. Уақыт болса, залдағылардан Жазба орындарын оқып, түсіндіріп отыруын сұра.
20 мин. “Қайғырып жүргендерді жұбатыңдар”b. Жариялаушылардан жақыны қайтыс болған адамдарды жұбатқанда болған жігерлендірерлік оқиғаларды айтып беруін сұра.
7-ән
21 сәуірден басталатын апта
10-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Жариялаушыларға келесі қызмет кездесуіне сәуір—маусым айларындағы “Күзет мұнарасын” алып келуін және осы журнал бойынша жергілікті аймақта тиімді болатын ұсыныстарды талқылауға дайындалып келулерін айт.
10 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин. “Рухани тамақтанып, қуанышқа кенелудің мүмкіндігі”c. Бұл бөлімді қауым хатшысы дайындайды. Қауымның қай конгреске баратынын айт. “Облыстық конгреске қатысты ескертулер” деген қоршауға шолу жаса.
26-ән
28 сәуірден басталатын апта
12-ән
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Сәуір айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. “Күзет мұнарасының” сәуір—маусым айларындағы санына қысқаша шолу жасағаннан кейін, залдағылардан аймақтағы адамдарға мақаланың қайсысы және неге қызықты болуы мүмкін екенін сұра. Олардан қандай да бір мақаланы пайдаланып, журналды қалай ұсынуға болатынын айтып беруін өтін. Әңгімені бастау үшін қандай сұрақ қоюға болар еді? Содан кейін мақаладағы қай жазба орнын оқып берсе болады? Оның мақаламен байланысын қалай көрсетуге болады? Жариялаушылардың айтқан ұсыныстарының бірін көрсетіп бер.
10 мин. Сауалдар жәшігі. Залдағылармен бірге талқылау.
20 мин. “Оның ізімен жүруіміз керек”d. Уақыт болса, залдағылардан Жазба орындарын оқып, түсіндіріп отыруын сұра.
15-ән
5 мамырдан басталатын апта
9-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Ехоба сені ешқашан жалғыз қалдырмайды. 2005 жылдың 15 қазанындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 8—11 беттеріне негізделген жігерлендірерлік баяндама.
20 мин. “Уағыз ісінде жетістіктерге қол жеткізе бер”e. 3-абзацқа келгенде, “Қызмет мектебі” кітабының 6—8 беттеріндегі “Толықтай пайдасын көру” деп аталатын тақырыпшадағы ойларға тоқталып өт.
28-ән
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.