Уағыз ісінде жетістіктерге қол жеткізе бер
1 Біздің рухани жетістіктеріміз Көктегі Әкемізді қуанышқа бөлейді. Рухани жетістіктерге жетуге басқа нәрселермен қатар рухани өсу мен уағыз ісінде тәжірибе жинау жатады. Пауыл бақылаушы қызметін атқаратын Тімотені тәлім беру ісімен әрі қарай да барынша айналыса беруге шақырған, осылайша оның алға басуын бәрі де көре алар еді (Тім. 1-х. 4:13—15). Тіпті тәжірибелі жариялаушы болсақ та, бәріміз де қызметіміздің сапасын жақсартуға тырысуымыз керек.
2 Мақсат қой. Жетістіктерге қол жеткізе беру үшін белгілі бір мақсаттар қоюымыз керек. Бұл қандай мақсаттар болуы мүмкін? Мәселен, рухани семсеріміз Киелі кітапты қолдану шеберлігімізді шыңдай түсуімізге болады (Ефес. 6:17). Мүмкін, көшеде, телефон арқылы немесе іскерлер аумағында уағыздау сияқты қызметіміздің қандай да бір саласын жақсартуымыз керек шығар. Бәлкім, адамға қайта барғанда әңгімеміз көбірек нәтиже әкелу үшін қызметтің осы түрін жақсартуымыз керек болар. Зерттеу сабағын бастап, оны жүргізу шеберлігімізді арттыру да тамаша мақсаттардың бірі болып табылады.
3 Теократиялық шаралар. Қауым кездесулері, әсіресе теократиялық қызмет мектебі мен қызмет кездесуі, біздің қызметшілер ретінде жақсара беруіміз үшін қарастырылған шаралар болып табылады. Бұл кездесулерге дайындалуға, оларға барып тұруға және үйренген нәрселерімізді іс жүзінде қолдануға неғұрлым көбірек күш салсақ, олардың пайдасын соғұрлым көбірек көреміз (Қор. 2-х. 9:6).
4 Сондай-ақ бір-бірімізге жетістіктерге жетуге көмектесуіміз керек (Нақ. с. 27:17). Уағызға өзімізбен бірге шыққан жариялаушының ұсынысын мұқият тыңдай отырып, қызметіміздің сапасын жақсартуымызға болады. Сонымен қатар кітап зерттеу тобының бақылаушысы саған қолдау көрсету үшін арнайы шара қарастыруы мүмкін. Әлдеқайда нәтижелі әрі қуанышты қызмет етуіңе көмектесетін тәжірибелі ізашардың не басқа бір жариялаушының болғаны қандай жақсы! Сенің кітап зерттеу тобыңда жаңа жариялаушы бар ма? Бар болса, неге оны қызметке шақырмасқа?
5 Уағыз ісі — бүгінгі таңда атқарылып жатқан ең маңызды іс. Біз Ехобаны мадақтай отырып, оған ең жақсы ‘сый-тартуымызды ұсынғымыз келеді’ (Евр. 13:15). Егер уағыз ісінде жетістіктерге талпына беретін болсақ, “ұятқа қалмайтын қызметкер — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші” боламыз (Тім. 2-х. 2:15, сілт.).