Қызмет кездесулерінің кестесі
11 ақпаннан басталатын апта
8-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. 8-беттегі немесе аймақтарыңда қолдануға болатын басқа ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 қаңтардағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин. Сен жариялаушылар жетіспейтін аймақта қызмет ете аласың ба? br1-AZ кітапшасының 36-бетіне негізделген баяндама және залдағылармен талқылау. “Ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 111-бетіндегі 1-абзацынан 112-бетіндегі 1-абзацына дейінгі мәліметке тоқталып өт (2007 жылдың 3 желтоқсанындағы барлық қызмет комитеттеріне арналған хатты қара.). Жариялаушылар жетіспейтін аймаққа көшіп барған адамдармен қысқаша сұхбаттас. Ол қандай қиындықтарға кезікті және оларды жеңу үшін не істеді? Олар қандай батаға ие болды?
20 мин. Жаңа жариялаушылардың тәжірибе жинауларына көмектес. Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айтқан соң, 2005 жылдың 1 желтоқсанындағы “Күзет мұнарасының” 31, 32-беттеріндегі мәліметті келтірілген сұрақтарды пайдалана отырып талқылаңдар. 18-абзацты талқылаған соң, көрініс көрсетілсін. Үй иесі тәжірибелі жариялаушымен келген жаңа жариялаушының сөзін бөліп, қарсы пікір айтады. Жаңа жариялаушының жауабы оны қанағаттандырмағандықтан, үй иесі әрі қарай сөйлеспей қояды. Былай шыққан соң, тәжірибелі жариялаушы жаңа жариялаушыны күш салғаны үшін жылы сөздермен мақтайды. Одан соң оған “Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастыру жолдары” (ор.) деп аталатын кітапшаны қолданып, болашақта мұндай жағдайда қалай жауап беруге болатынын көрсетеді.
18-ән.
18 ақпаннан басталатын апта
13-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
10 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин. “Берік сенімнің дәлелі”a. Бұл бөлімді қызмет бақылаушысы дайындайды. Соңында қауымның өткен қызмет жылында қандай жетістіктерге жеткенін атап өт.
20-ән.
25 ақпаннан басталатын апта
1-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Ақпан айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Отбасындағы адамды немесе көршіні Еске алу кешіне шақыру үшін шақыру қағазын қалай пайдалануға болатынын көрсет.
20 мин. “Төлем құрбандығын ризашылықпен еске алайық”b. Уақыт болса, залдағыларды Жазба орындарын түсіндіріп отыруға шақыр.
15 мин. Соңғы журналдарды ұсынуға дайындал. 1 қаңтардағы “Күзет мұнарасын” залдағылармен бірге талқылау. Залдағылардан жергілікті адамдар үшін қай мақала қызықты болуы мүмкін екенін және неге олай екенін сұра. Олардан журналды ұсыну үшін қай мақаланың қай жерін қолданғылары келетінін сұра. Әңгіме бастау үшін қандай сұрақ қоюға болады? Мақаладағы қай Жазба орнын оқуға болады? Ұсыныстардың бірін қолданып, 1 қаңтардағы “Күзет мұнарасын” қалай қолдануға болатынын көрсет.
6-ән.
3 наурыздан басталатын апта
25-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Еске алу кешіне байланысты ескертулер” деп аталатын қоршаудағы негізгі ойларды қарастырып өт.
20 мин. Наурыз айында зерттеу сабағын бастай аласың ба? Залдағылармен талқылау. Наурыз айында біз зерттеу сабағын бастау мақсатымен “Киелі кітап үйретеді” басылымын тарататын боламыз. Кітаптың кейбір артықшылықтарына назар аудар. Еске алу кешіне шақыру қағазын қалдырғанда қызығушылық танытқан немесе журнал алған адамға қайта барғанда, болмаса 22 наурыздан кейін үйме-үй уағыздағанда кітапты қалай ұсынуға болатынын айт (km 8.07 3-бет; km 3.06 1-бет, 3-абз.; km 1.06 3—6 бет.). Бір-екі ұсыныс көрсетілсін.
15 мин. Адамның сұрақтарына жауап бергенде Киелі кітапты қолдан. “Қызмет мектебі” кітабының 143, 144-беттеріне негізделген баяндама және залдағылармен талқылау. Қысқаша көрініс. Жариялаушы жергілікті адамдар жиі қоятын сұраққа Киелі кітапты қолдана отырып жауап берсін.
16-ән.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.