Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінде 2007 жылғы 31 желтоқсаннан басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2007 жылғы 5 қарашадан басталатын апта мен 31 желтоқсаннан басталатын апта аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетіңше зерттеу жүргізуің керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Қорытынды сөз ұтымды жасалу үшін қандай жайттарды есте ұстаған жөн? (be 221-б. 1-абз.—221-б. 4-абз.)
2. Уағыздау кезінде айтқан сөздеріміз тура да сенімді болу үшін не істеуіміз керек? (be 223-б., 2—4 абз.)
3. Қауым алдына баяндамамен шыққанда, қауымның ‘шындықтың тірегі, таянышы’ ретіндегі рөлін жоғары бағалайтынымыз сөзімізден көрініп тұру үшін не істеуіміз керек? (be 224-б. 1—4 абз.)
4. Неліктен мәліметіміздің сенімді екенін тексеруіміз керек және ол үшін не істеуге болады? (be 225-б. 1, 2-абз.)
5. Сөзімізді басқалар неғұрлым жеңіл түсіну үшін не істеуіміз керек? (be 226-б. 3-абз.— 227-б. 1-абз.)
№1-ТАПСЫРМА
6. Иса үйренгендерін қалай қолданды және бұдан қандай сабақ алуымызға болады? (Жох. 7:15—18) (w96-U 1.2 9, 10-б., 4—7 абз.)
7. Жохан 13:34-те жазылған өсиетте қандай жаңа нәрсе бар? (w90-U 1.2 21-б. 5, 6-абз.)
8. Жохан 14:12-де Иса шәкірттерінің өзінен де зор іс атқаратынын айтқан. Мұны қалай түсінуге болады? (gt 116-тар. 6-абз.)
9. Неліктен Жохан 16:33-те Иса өзінің дүниені жеңгені туралы айтқан? (gt 116-тар. 36-абз.)
10. Елшілердің істері 1:6-да Исадан Исраил елінің патшалығын сол кезде орнататын-орнатпайтынын сұрағанда, шәкірттер не нәрсені түсінбеді? (w90 1.6 11-б., 4-абз.)
11. Иса “көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді” деген нені білдіреді? (Ел. іс. 1:11) (w90-U 1.6. 11-б., 5-абз.)
12. Елшілердің істері 5:13 (сілтемеі қара) тармақта жазылғандай, неліктен “ешкімнің де оларға [шәкірттерге] екіжүзділікпен қосылуға батылы бармады”?
14. Басқарушы кеңестің мүшелері Еврей емес мәсіхшілер сүндеттелмесе де құтқарылады деген шешіммен қалай ‘келісті’? (Ел. іс. 15:25).
15. Дұрыс не дұрыс емес. Елшілердің істері 15:29-дағы “қош-сау болыңдар” деген сөздер “егер қаннан және азғындықтан аулақ болсаңдар, денсаулықтарың жақсы болады” деген мағынада айтылған. (w91-U 15.6. 9-б., 7-абз., сілт.)