Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Желтоқсанда “Тарихтағы ең ұлы адам”. “Ехобаға жақында” немесе “Отбасы бақытының сыры” кітаптарын да ұсына беруге болады. Қаңтарда “Білім” кітабы немесе “Сергек болыңдар!” кітапшасы. Бұл әдебиеттер болмаса, келесі әдебиеттердің қауымда бар кез келгенін ұсына беріңдер: “Құдайдың басшылығы”, “Құдайға шынайы мойынсұнатын уақыт” кітапшалары немесе “Жұмаққа жолды қалай табуға болады?” деп аталатын трактат. Ақпанда “Отбасы бақытының сыры”. Наурызда “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабы. Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Сәуірде және мамырда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық білдірген, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға қайта барғанда, “Киелі кітап үйретеді” кітабы бойынша зерттеу сабағын бастауға тырысыңдар.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы тағайындаған бауырлас қауымның қыркүйек, қазан және қараша айларындағы қаржы есебін тексеруі керек. Ал кейінгі қаржы есебін басқа адам тексеруі керек. Қаржы жөніндегі кезекті есеп берілгеннен кейін, тексеру жүргізілгені қауымда хабарландырылуы тиіс (“Қауым қаржысын тексеруге қатысты басшылық (S-27)” бланкін қара).
◼ 2009 жылғы Еске алу кеші 9 сәуірде, бейсенбі күні, күн батқан соң болатынына көңіл аударуларыңды өтінеміз. Бұны бір Патшалық сарайын бірнеше қауым қолданып жүрген болса, яғни өзге орын табу керек болса, бауырластар лайықты зал жалдаулары үшін алдын ала хабарлап отырмыз. Ақсақалдар Еске алу кеші тыныштықта және ұйымдасқан түрде өтуіне өзге іс-әрекеттер кедергі болмау үшін ғимараттың әкімшілігімен келісулері қажет.