Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 12.07. 8-б.
  • Жаралы жүректерді жұбатыңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жаралы жүректерді жұбатыңдар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Ұқсас мәлімет
  • Қайғырып жүргендерді жұбатыңдар
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдай бізге қалай тірек болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Қайғырып жүргендерді жұбатыңдар
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жұбаныштың қайнар көзі Ехобадан үйреніңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2007
km 12.07. 8-б.

Жаралы жүректерді жұбатыңдар

1 Адамзат тарихында бұрын соңды осыншама көп адам жұбанышқа мұқтаж болған емес. Сол себепті Патшамыз Иса Мәсіх сияқты біз де ‘жаралы жүректерді жұбатуға’ тырысамыз (Ишая 61:1).

2 Жұбаныш беру үшін. Адамдарға жұбаныш беру үшін байсалдылықпен оларды жігерлендіретіндей ұсыныс дайындауымыз керек. Сондықтан біз дүниедегі зұлымдық пен жалған ілімдер туралы неғұрлым азырақ айтамыз да, Киелі кітап шындығы мен Құдайдың жұбаныш беретін уәделерін әңгімеміздің басты тақырыбына айналдырамыз. Алайда бұл Һар-Магедон жайында сөз қозғамаймыз дегенді білдірмейді. Бізге ‘Құдай Иеміз Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын әрі жауларынан кек алатын кезін жариялаумен’ қатар, “заңды бұзушыны соның заңсыз жолынан сақтандыру” тапсырмасы да жүктелген. Алайда Һар-Магедон мен оның жойқын күші туралы әңгімелер ‘Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды’ көмескілеп жібермеуі керек (Ишая 61:2; Езек. 3:18; Мат. 24:14).

3 Үйме-үй жүру. Бүгінде ауруға шалдығып, жақынынан айырылып немесе әділетсіздік пен жетіспеушілікке кезігіп ұнжырғасы түскен адамдарды жиі кездестіруге болады. Сондықтан біз Мәсіхтің ізбасарлары ретінде қызметте кездестірген адамдарға жанашырлық танытамыз (Лұқа 7:13; Рим. 12:15). Оларға талқыланып жатқан проблемаға қатысы бар бір-екі Жазба орнын оқып беру орынды болғанмен, ішіндегісін ақтарып айту үшін “тыңдауға жүйрік” болуымыз керек (Жақ. 1:19). Себебі тыңдаған соң, адамға жақсырақ жұбаныш бере алатын боламыз.

4 Әңгіме кезінде қолайлы сәтті пайдаланып, адамға: “Сізге Құдай Сөзінен жігерлендіретін бір сөздерді оқып бергім келіп тұр”,— деуге болады. Парасаттылық танытқан жөн. Адамның бұрыс көзқарасының бәрін түзете бермей, қайта, оны нығайту үшін Жазбаларды қолдана отырып, жігерлендіруге және жұбаныш беруге тырысуымыз керек. Бұл үшін үй иесіне “Жаны күйзелгендерге жұбаныш” деген трактатты ұсынып, ондағы жігерлендіретін мәліметті қысқаша қарастырып кетуге болады.

5 Басқаларды жұбатудың мүмкіндігін ізде. Көршілеріңнің арасында, жұмысыңда, мектебіңде немесе отбасыңда жұбанышқа мұқтаж адамдар бар ма? Бар болса, неге олардың үйіне барып, Жазбалардағы жұбаныш беретін ойларды айтып бермеске? Олардың неліктен жұбанышқа мұқтаж екенін білсең, жағдайларын ескере отырып, жақсырақ дайындалып бара аласың. Кейбіреулер мұндай адамдарға хат жазады немесе телефон соғады. Маңайымыздағы адамдарға деген шынайы сүйіспеншілігіміз бізді олардың қайғысына ортақтасып, Жазбаларды қолдану арқылы жұбаныш беруге талпындырады (Лұқа 10:25—37).

6 Иә, Құдай бізге қайғырған жандарды жұбатып, жаралы жүректерді жігерлендіруді және оларды жарқын болашаққа үміттендіруді тапсырған. Бүгінгі адамдар осындай жұбанышқа мұқтаж. Құдайдың уәде еткен көптеген игіліктері жөнінде қуанышпен айту ақ жүректі адамдарға жұбаныш пен үміт сыйлайды. Олай болса жаралы жүректердің жұбанышқа мұқтаж екенін ешқашан ұмытпайық.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу