Сауалдар жәшігі
◼ Өзіміздің жеке e-mail-імізді адамға ұсынған әдебиетке жазып бергеніміз орынды бола ма?
Кейбір жариялаушылар адамдарға журналдар немесе трактаттар ұсынғанда, оларға өздерінің жеке e-mail-дері көрсетілген мөр басып немесе қағаз жабыстырып береді. Сонда әдебиет алған адам қосымша мәлімет алғысы келсе, сол жариялаушымен байланыса алады. Қызығушылық танытқан адамдарға осылайша көмектесуге тырысу — таза ниеттен туатын әрекет. Алайда біздің ресми Web-сайтымыз журналдар мен трактаттардың соңғы бетінде көрсетіліп қойған. Сондықтан, өзіміздің жеке e-mail-дерімізді әдебиетке жазып бермегеніміз жақсы болар еді.
Ал егер жариялаушы, әсіресе қайта барғанда, учаскесіндегі адамдарға өзімен байланысуға көмектесетін мәліметті жеке қағазға жазып бергісі келсе, ол — өз шешімі. Қызығушылық танытқан адамдар көбірек мәлімет алғысы келсе, жай ғана байланысуға болатын мәліметті қалдырып кете салмай, оларды өзіміз іздеп барғанымыз дұрыс. Адаммен жүзбе-жүз сөйлескенде, оған деген шынайы қызығушылығымыз көбірек байқалатын болады.