Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.07. 3-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Біздің патшалық қызметіміз. 2007
km 11.07. 3-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қарашада “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Егер балаларымыз жоқ десе, “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсын. Желтоқсанда “Тарихтағы ең ұлы адам”. “Ехобаға жақында” немесе “Отбасы бақытының сыры” кітаптарын да ұсынуға болады. Қаңтарда “Білім” кітабы не “Сергек болыңдар!” кітапшасы. Ондай әдебиеттер болмаса, келесі басылымдардың қауымда бар кез келгенін ұсынуға болады: “Құдайдың басшылығы”, “Құдайға шынайы ғибадат ететін уақыт” кітапшалары және “Жұмаққа жолды қалай табуға болады?” трактаты. Ақпанда “Отбасы бақытының сыры”. Наурызда “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” Зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Сәуірде “Күзет мұнарасы”. Қайта барғанда қызығушылық білдіргендермен, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдармен “Киелі кітап үйретеді” кітабы бойынша зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар.

◼ Желтоқсанда бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.

◼ Егер әлі толтырмаған болса, жариялаушылардың бәрін “Өз еркін білдіру және сенімхат” (ЕБС) деп аталатын құжатты толтыруға шақырамыз. Бұл құжат сендердің қаннан бас тарту құқықтарыңды қорғайды. Қажет болса, ақсақалдар көмек көрсететін болады (2006 жылғы қарашадағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасын қара).

◼ Біздің ұйым мәдениеттері мен діндері әртүрлі адамдарға куәлік ету үшін Киелі кітапқа негізделген түрлі әдебиеттер шығарған. Әдебиетке жауапты бауырласта осы әдебиеттердің тізімі бар.

◼ Бұдан былай жариялаушыларға әрбір зерттеу сабағы үшін “Зерттеу жөнінде есеп” (S-3) бланкін тапсырудың қажеті жоқ. Алайда олар бір айда қанша зерттеу сабағын жүргізгендерін “Уағыздау қызметі жөніндегі есеп” (S-4) бланкінің арнайы бағанасына әрі қарай да жаза береді. Енді S-3 бланкі қауымға келген адамдардың санын жазу үшін ғана пайдаланылатын болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу