Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқан адамға “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсыныңдар және Киелі кітапқа деген қызығушылығын арттыруға тырысыңдар. Қарашада “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Егер үй иесі баламыз жоқ десе, “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” деген трактатты не оның жағдайын ескере отырып, басқа трактатты ұсын. Желтоқсанда қауымда жиналып қалған кез келген 192 беттік кітап. Ондай кітаптар болмаса, “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсынуға болады. Қаңтарда “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабы. Ақпанда “Ехобаға жақында” кітабы. Наурызда “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабы. Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар.
◼ Желтоқсан айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.
◼ Қаңтар айындағы қызмет кездесуінде “Қан құймай емдеу шаралары. Науқастың құқын бұзбай көмек беру” (ор.) бейнефильмі талқыланады. Қажет болса, қауым арқылы фильмге мүмкіндігінше тез арада тапсырыс беріңдер.
◼ “Біздің патшалық қызметіміздің” осы санына қосымша ретінде “Теократиялық қызмет мектебінің 2008 жылға арналған бағдарламасы” берілген. Оны жыл бойы қолдану үшін сақтап қойған дұрыс.
◼ Қызмет кездесуінің соңғы бөлімін жүргізген бауырлас соңғы әнді хабарлауға тиіс екенін ескерулеріңді өтінеміз. Одан кейін ол немесе алдын ала тағайындалған басқа бір лайықты бауырлас соңғы дұғаны айтады.