Теократиялық қызмет мектебінің 2008 жылға арналған бағдарламасы
Нұсқаулар
2008 жылы теократиялық қызмет мектебін өткізу үшін келесі шаралар қарастырылған.
МӘЛІМЕТ КӨЗДЕРІ: Киелі кітап, “Күзет мұнарасы” [w], “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” [be], “Тарихтағы ең ұлы адам” [gt] және “Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” [wt].
Мектеп әнмен, дұғамен және сәлемдесумен УАҚТЫЛЫ басталып, төмендегі бағдарлама бойынша өту керек. Бағдарламаның әр бөлімінен кейін мектеп бақылаушысы келесі бөліммен таныстырып тұрады.
САБАҚ. 5 минут. Мектеп бақылаушысы, қосымша кеңесші немесе басқа бір қабілетті ақсақал “Қызмет мектебі” кітабына негізделіп, шешендік өнердің бір қырын қарастыратын баяндама айтады. (Қауымда ақсақал аз болса, баяндаманы қабілетті қызмет көмекшісіне тапсыруға болады.)
№ 1-ТАПСЫРМА. 10 минут. Қауым ақсақалы не қызмет көмекшісінің баяндамасы. Бұл баяндама “Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” және “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” кітабындағы мәліметке негізделеді. Ол тәлім беруге арналған 10 минуттық баяндама ретінде айтылады. Баяндаманы айтып қана қоя салмай, қауымға әсіресе пайдалы болатын ойларға көңіл бұра отырып, оларды өмірде қалай қолдануға болатынына баса назар аудару керек. Тапсырма бағдарламада көрсетілген тақырыпқа негізделу керек. Бұл тапсырмамен шығатын бауырластар баяндаманы берілген уақыттан асырмаулары керек. Қажет болса, баяндамашыға оңашада кеңес беруге болады.
КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ КӨҢІЛ БҰРАРЛЫҚ ОЙЛАР. 10 минут. Алғашқы бес минутта қабілетті ақсақал немесе қызмет көмекшісі берілген мәліметті қауым үшін пайдалы болатындай етіп жеткізеді. Ол Киелі кітаптың сол аптада оқуға берілген тарауларының кез келген бөлігіне түсініктеме беруіне болады. Бұл оқуға берілген тармақтарды қорытындылау ғана болмау керек. Негізгі мақсат — тыңдаушыларға бұл мәліметтің неге және қандай пайдасы бар екендігін түсіндіру. Баяндамашы бөлімнің алғашқы бөлігінің бес минуттан асып кетпеуін мұқият қадағалау керек. Қалған бес минутты ол міндетті түрде тыңдаушылардың өз ойларын айтуына бөлу керек. Олар Киелі кітаптан оқыған тармақтарынан өздеріне қызықты да пайдалы болған ойларды қысқаша (30 секундтан асырмай) айтып беруге шақырылады. Сонан соң Мектеп бақылаушысы оқушыларды басқа залдарға жібереді.
№ 2-ТАПСЫРМА. 4 минут не одан кем. Оқуға арналған бұл тапсырма ер бауырласқа беріледі. Оқушы берілген мәліметті алғы сөз де, қорытынды да жасамай оқып шығады. Мектеп бақылаушысы оқушыға әсіресе түсінікті де жатық, логикалық екпін түсіріп, интонацияны өзгертіп, дұрыс кідіріс жасап және табиғи етіп оқуды үйренуге көмектеседі.
№ 3-ТАПСЫРМА. 5 минут. Бұл тапсырма әйел бауырласқа беріледі. Бұл тапсырмамен шығатын оқушыларға шартты жағдай тапсырылады, немесе оны “Қызмет мектебі” оқулығының 82-бетінде берілген тізімнен өздері таңдайды. Оқушы берілген тақырып бойынша дайындалу керек және оны шынайы әрі жергілікті жағдайда қолдануға болатындай етіп жеткізу керек. Егер мәлімет көзі берілмесе, оқушы материалдарды өз әдебиеттерімізден тауып дайындайды. Жаңа оқушыға мәлімет көзі көрсетілген тапсырманы беру керек. Мектеп бақылаушысы оқушының мәліметті қалай жеткізгеніне және үй иесінің Жазба орындары туралы ой жүгіртіп, басты ойларды түсінуіне қалай көмектескеніне назар аударады. Мектеп бақылаушысы оған көмекші береді.
№ 4-ТАПСЫРМА. 5 минут. Оқушы берілген тақырып бойынша жұмыс істеуі керек. Егер мәлімет көзі көрсетілмесе, оқушы оны әдебиеттерімізден іздестіріп жинақтайды. Бұл тапсырма ер бауырласқа берілген жағдайда, Патшалық сарайындағы тыңдаушыларға арналған баяндама ретінде айтып жеткізеді. Ал әйел бауырлас алған жағдайда оны № 3-ші тапсырмадағыдай орындау керек. Мектеп бақылаушысы орынды деп есептесе, № 4-тапсырманы ер бауырласқа тапсыруына болады. Егер тақырыптың қасында жұлдызша тұрса, тапсырманы ер бауырлас баяндама ретінде дайындау керек екенін ескерулеріңді өтінеміз.
КЕҢЕС. 1 минут. Мектеп бақылаушысы оқушының қандай сабақпен шығатынын алдын ала хабарламайды. Ол № 2-ші, № 3-ші және № 4-ші тапсырмадан кейін бір минуттан асырмай, тапсырманың мақтауға тұратын жақтарына көңіл бөледі. Ол “жақсы болды” деп жалпы айтып қоя салмай, неліктен жақсы болғанын тыңдаушыларға түсіндіруі қажет. Әр оқушының қажеттілігіне сай қосымша кеңестерді кездесудің соңында не басқа уақытта оңашада беруге болады.
РЕГЛАМЕНТ. Баяндама да, берілетін кеңес те көрсетілген уақытынан аспау керек. № 2, 3, 4-ші тапсырмалармен шығатын оқушылар уақыттан асып бара жатса, оларды ізетпен тоқтатуға болады. Егер сабақпен, № 1-тапсырмамен немесе Киелі кітаптың көңіл бұрарлық тұстарын айтуға шыққан бауырластар берілген уақыттан асып кетсе, оларға оңашада кеңес беру керек. Барлығы да белгіленген уақытты мұқият қадағалаулары керек. Ән мен дұғаны қоспағанда, бүкіл бағдарлама уақыты 45 минут.
КЕҢЕС БЛАНКІ. Оқулықта берілген.
ҚОСЫМША КЕҢЕСШІ. Мүмкін болса, ақсақалдар кеңесі мектеп бақылаушысымен қатар қабілетті ақсақалдың бірін таңдап алып, қосымша кеңесші ретінде тағайындайды. Егер қауымда ақсақалдар жеткілікті болса, кеңес беріп отыру үшін жыл сайын басқа ақсақалды тағайындауға болады. Қосымша кеңесші, қажет болса, № 1-ші тапсырмамен шығатын және Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойларды айтатын бауырластарға жеке кеңес беріп отырады. Осындай тапсырмалармен шыққан ақсақалдар мен қызмет көмекшілеріне әрбір тапсырмадан соң міндетті түрде кеңес беріп отыру қажет емес.
ТЕОКРАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ. ҚАЙТАЛАУ. 30 минут. Мектеп бақылаушысы екі ай сайын қайталау жүргізеді. Мұның алдында жоғарыда көрсетілгендей, сабақ пен Киелі кітаптың көңіл бұрарлық тұстары айтылады. Қайталау сол аптаны қоса алғанда, соңғы екі айда өткен мәліметке негізделеді. Егер теократиялық қызмет мектебіндегі мәліметті қайталау өткізілетін аптада қауым аудандық конгреске баратын болса, қайталау (сол аптадағы бағдарламаның өзге бөліктері де) кейінгі аптаға жылжытылып, келесі аптадағы кездесу кестесі конгресс өтетін аптада өткізіледі. Ал егер қайталау болатын аптада аудандық бақылаушы келетін болса, ән мен сабақ және Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойлар кестеде көрсетілгендей өткізіліп, бұған келесі аптада қарастырылатын тәлім беруге арналған баяндама қосылады. Келесі аптадағы теократиялық қызмет мектебі кестеде көрсетілгендей, сабақ пен Киелі кітаптың көңіл бұрарлық ойларынан басталып, содан кейін қайталау болады.
Бағдарлама
7 қаңт. Киелі кітапты оқу. Матай 1—6 1-ән
Сабақ. Тағы нені түсіндіру керек? (be 228-бет, 2, 3-абз.)
№ 1 Құдайға жақпайтын әдет-ғұрыптардан сақ болыңдар (w05 1.1 29—32 бет.)
№ 2 Матай 5:1—20
№ 3 Исаның жүзімдік туралы көрнекі мысалы (gt 97-тар.)
№ 4 Құдайдың киелі рухы бізге қалай көмектеседі?
14 қаңт. Киелі кітапты оқу. Матай 7—11 28-ән
Сабақ. Түсінік пен жүректің қандай байланысы бар? (be 228-бет, 4-абз. — 229-бет, 1-абз.)
№ 1 Құдай сөзін оқудан рақат тап (be 9-бет, 1-абз. — 10-бет, 1-абз.)
№ 2 Матай 10:1—23
№ 3 Шыншыл болудың қандай пайдасы бар?
№ 4 Исаның шәкірттерін алдағы оқиғаларға дайындауы (gt 98-тар.)
21 қаңт. Киелі кітапты оқу. Матай 12—15 4-ән
Сабақ. Баяндамада тыңдаушыларың үшін пайдалы мәлімет болсын (be 230-бет, 1—6 абз.)
№ 1 Киелі кітапты күнделікті оқы (be 10-бет, 2-абз. — 12-бет, 4-абз.)
№ 2 Матай 14:1—22
№ 3 Исаның Ыбырайымның адасып кеткен ұрпағын қайта табуы (gt 99-тар.)
№ 4 Мәсіхке қарсы шығуға кім және не жатады?
28 қаңт. Киелі кітапты оқу. Матай 16—21 14-ән
Сабақ. Ізденіс арқылы тыңдаушылар үшін пайдалы баяндама дайындау (be 231-бет, 1—3 абз.)
№ 1. “Қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар!” (be 13-бет, 1-абз. — 14-бет, 5-абз.)
№ 2 Матай 17:1—20
№ 3 Қадақ күмістер туралы астарлы әңгіме (gt 100-тар.)
№ 4 Мәсіхшілер қасиетті деп есептейтін нәрселер
4 ақп. Киелі кітапты оқу. Матай 22—25 3-ән
Сабақ. Жазба орындарын түсіндір (be 231-бет, 4, 5-абз.)
№ 1. Қауым кездесулерінде және конгрестерде тыңдау (be 15-бет, 1-абз. — 16-бет, 5-абз.)
№ 2 Матай 23:1—24
№ 3 Мәңгілік өмір жалықтырмайтын болады
№ 4 Исаның Мәриямды игі ісі үшін қорғауы (gt 101-тар.)
11 ақп. Киелі кітапты оқу. Матай 26—28 23-ән
Сабақ. Сөздердің мағынасын түсіндіру (be 232-бет, 1-абз.)
№ 1 Бірлікке септігін тигізетін факторлар (wt 9—13 бет, 10—14 абз.)
№ 2 Матай 27:1—22
№ 3 Сенім — Құдайдың бар екеніне сену ғана емес
№ 4 Мәсіхтің салтанатпен Иерусалимге кіруі (gt 102-тар.)
18 ақп. Киелі кітапты оқу. Марқа 1—4 6-ән
Сабақ. Тармақтың көмегімен ой түзу (be 232-бет, 2—4 абз.)
№ 1 Өзгелердің Киелі кітапты түсінуіне әрі бағалай білуіне көмектесіңдер (wt 24, 25-бет., 3—6 абз.)
№ 2 Марқа 2:1—17
№ 3 Исаның Құдайдың ғибадатханасын арамдаған адамдарды айыптауы (gt 103-тар.)
№ 4 Қалай сүйіспеншілік батылдықты нығайтады?
25 ақп. Киелі кітапты оқу. Марқа 5—8 22-ән
Сабақ. Тыңдаушыларың үшін пайдалы болатын мәліметті таңда (be 233-бет, 1—5 абз.)
Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
3 наур. Киелі кітапты оқу. Марқа 9—12 29-ән
Сабақ. Берілген материалды қолдан (be 234-бет, 1-абз. — 235-бет, 3-абз.)
№ 1 Есте сақтау қабілетіңді жақсарта аласың (be 17-бет, 1-абз. — 19-бет, 1-абз.)
№ 2 Марқа 11:1—18
№ 3 Неге Құдай жалған сөйлей алмайды?
№ 4 Құдайдың даусының үшінші рет естілуі (gt 104-тар.)
10 наур. Киелі кітапты оқу. Марқа 13—16 26-ән
Сабақ. Сұрақтарды тиімді қолдан (be 236-бет, 1—5 абз.)
№ 1 Иса Мәсіх сіздің өміріңізге қалай әсер етеді? (w05 1.4. 4—6 бет.)
№ 2 Марқа 14:1—21
№ 3 Қарғыс атқан інжір ағашы нені бейнелейді? (gt 105-тар.)
№ 4 Неге “ашу-ызаның жетегіндегі адам Құдайға ұнамды, әділ істерді жасай алмайды” (Жақ. 1:20)
17 наур. Киелі кітапты оқу. Лұқа 1—3 1-ән
Сабақ. Маңызды ойларды айтар алдында қойылатын сұрақтар (be 237-бет, 1, 2-абз.)
№ 1 Киелі кітапты оқу өте маңызды (wt 26—31 бет., 7—13 абз.)
№ 2 Лұқа 1:1—23
№ 3 Неліктен ‘игі іс-әрекетсіз сенім өлі’? (Жақ. 2:20)
№ 4 Дінбасылардың әшкереленуі (gt 106-тар.)
24 наур. Киелі кітапты оқу. Лұқа 4—6 25-ән
Сабақ. Ой жүгіртуге көмектесетін сұрақтар (be 237-бет, 3-абз. — 238-бет, 2-абз.)
№ 1 Құдай рухы есте сақтауға көмектеседі (be 19-бет, 2-абз. — 20-бет, 3-абз.)
№ 2 Лұқа 4:1—21
№ 3 Үйлену тойы туралы астарлы әңгіменің қандай мәні бар? (gt 107-тар.)
№ 4 Құдай алдындағы қорқыныш бізді күнә жасаудан сақтайды
31 наур. Киелі кітапты оқу. Лұқа 7—9 7-ән
Сабақ. Адамның ішкі сезімдерін “сарқып” алуға көмектесетін сұрақтар (be 238-бет, 3—5 абз.)
№ 1 Неге оқуға көңіл бөлу керек? (be 21-бет, 1-абз. — 23-бет, 3-абз.)
№ 2 Лұқа 7:1—17
№ 3 Құдайдың бізді сүйетіні және бақытты болғанымызды қалайтыны неден көрінеді?
№ 4 Исаны сөзден ұстай алмады (gt 108-тар.)
7 сәу. Киелі кітапты оқу. Лұқа 10—12 9-ән
Сабақ. Екпін түсіру үшін қолданылатын сұрақтар (be 239-бет, 1, 2-абз.)
№ 1 Оқуға қалай көңіл бөлу керек? (be 23-бет, 4-абз. — 26-бет, 5-абз.)
№ 2 Лұқа 11:37—54
№ 3 Исаның қарсыластарын айыптауы (gt 109-тар.)
№ 4 Аян 17:17-дегі сөздерді қалай түсіну керек?
14 сәу. Киелі кітапты оқу. Лұқа 13—17 23-ән
Сабақ. Дұрыс емес көзқарасты білуге көмектесетін сұрақтар (be 239-бет, 3—5 абз.)
№ 1 Қалай зерттеу жүргізу керек? (be 27-бет, 1-абз. — 31-бет, 2-абз.)
№ 2 Лұқа 16:1—15
№ 3 Құдайдың масақ теруге қатысты заңынан не үйренеміз? (Леуі. 19:9, 10)
№ 4 Исаның ғибадатханадағы қызметінің аяқталуы (gt 110-тар.)
21 сәу. Киелі кітапты оқу. Лұқа 18—21 15-ән
Сабақ. Тәлім беруге көмектесетін теңеулер мен метафоралар (be 240-бет, 1-абз. — 241-бет, 2-абз.)
№ 1 Мәсіхке деген сеніміңді көрсет (wt 37—40 бет., 10—15 абз.)
№ 2 Лұқа 18:1—17
№ 3 Исаның соңғы күндердің белгісін айтуы (gt 111-тар., 1—11 абз.)
№ 4 Наразылық білдіруден аулақ болу деген нені білдіреді? (Філіп. 2:14)
28 сәу. Киелі кітапты оқу. Лұқа 22—24 17-ән
Сабақ. Мысалдар келтіру (be 241-бет, 3—5 абз.)
Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
5 мам. Киелі кітапты оқу. Жохан 1—4 2-ән
Сабақ. Киелі кітаптағы мысалдар (be 242-бет, 1, 2-абз.)
№ 1 Киелі кітап қуаныш табуға көмектесе алады (w05 1.8 4—7 бет.)
№ 2 Жохан 3:1—21
№ 3 Дәуіттің Саул патшаны өлтіруден бас тартқанынан не нәрсеге үйренеміз?
№ 4 Иса соңғы күндер туралы тағы не айтты? (gt 111-тар., 12—19 абз.)
12 мам. Киелі кітапты оқу. Жохан 5—7 16-ән
Сабақ. Тыңдаушыларыңа түсінікті бола ма? (be 242-бет, 3-абз. — 243-бет, 1-абз.)
№ 1 Жемісті болатын зерттеу (be 31-бет, 3-абз. —32-бет, 3-абз.)
№ 2 Жохан 6:1—21
№ 3 Анани мен Зәпира туралы оқиғадан қандай сабақ аламыз?
№ 4 Ақылды және ақылсыз қыздар (gt 111-тар., 20—28 абз.)
19 мам. Киелі кітапты оқу. Жохан 8—11 24-ән
Сабақ. Мысалдарды таныс жағдайлардан келтір (be 244-бет, 1, 2-абз.)
№ 1 Киелі кітапты қолданып қалай ізденуге болады? (be 33-бет, 1-абз. — 35-бет, 2-абз.)
№ 2 Жохан 11:38—57
№ 3 Күміс туралы астарлы әңгіме (gt 111-тар., 29—37 абз.)
№ 4 Оныншы өсиеттің орындалуын ешкім қадағалай алмаса, ол не үшін берілген?
26 мам. Киелі кітапты оқу. Жохан 12—16 23-ән
Сабақ. Тыңдаушыларың үшін қызықты болатын мысалдар келтір (be 244-бет, 3-абз. — 245-бет, 4-абз.)
№ 1 Өзге құралдарды пайдалануды үйрену (be 35-бет, 3-абз. — 38-бет, 4-абз.)
№ 2 Жохан 12:1—19
№ 3 Мәсіхтің патша ретіндегі ұлылығымен келуі (gt 111-тар., 38—46 абз.)
№ 4 Қалай уайымымызды Ехобаға тапсыра аламыз? (Заб. 54:23)
2 маус. Киелі кітапты оқу. Жохан 17—21 11-ән
Сабақ. Көрнекі құралдарды дұрыс пайдалан (be 247-бет, 1, 2-абз.)
№ 1 Еркіндікті қайдан табуға болады? (wt 44, 45-бет, 6—9 абз.)
№ 2 Жохан 21:1—14
№ 3 Көрінбейтін Құдайға қалай сенуге болады?
№ 4 Иса соңғы рет тойлайтын Құтқарылу мейрамының қарсаңында (gt 112-тар.)
9 маус. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 1—4 18-ән
Сабақ. Иса көрнекі құралдарды қалай пайдаланған? (be 247-бет, 3-абз.)
№ 1 Еркіндіктің өзге түрін қалау (wt 46—49 бет., 10—14 абз.)
№ 3 Исаның кішіпейілділікке қатысты берген тәлімі (gt 113-тар.)
№ 4 “Сөйлеу еркіндігі” деген нені білдіреді? (Евр. 3:6, ЖД)
16 маус. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 5—7 12-ән
Сабақ. Көрнекі құралдарды қолданудың жолдары (be 248-бет, 1—3 абз.)
№ 1 Баяндама жоспарын құру (be 39—42 бет.)
№ 3 Исаның Еске алу кешін ендіруі (gt 114-тар.)
№ 4 Неге Ехобаның алдындағы қорқыныш даналықтың бастауы деуге болады? (Заб. 110:10)
23 маус. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 8—10 9-ән
Сабақ. Карталарды, қағазға басып шығарылған конгресс бағдарламасын және бейнефильмдерді қолдану (be 248-бет, 4-абз. — 249-бет, 2-абз.)
№ 1 Мектеп тапсырмасын дайындау (be 43-бет, 1-абз. — 44-бет, 3-абз.)
№ 3 Қалайша Иса “кедейлерді құтқарады”? (Заб. 71:12)
№ 4 Исаның шыдамдылық таныта отырып шәкірттерін сүйіспеншілік пен кішіпейілділікке үйретуі (gt 115-тар.)
30 маус. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 11—14 8-ән
Сабақ. Үлкен топқа арналған көрнекі құралдар (be 249-бет, 3-абз. — 250-бет, 1-абз.)
Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
7 шіл. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 15—17 11-ән
Сабақ. Парасаттылық танытып сөйлесудің маңыздылығы (be 251-бет, 1 — 3 абз.)
№ 1 Тақырыппен және шартты жағдаймен жұмыс істеу (be 44-бет, 4-абз. — 46-бет, 2-абз.)
№ 3 Ехобаға батылдықпен қызмет етудің себебі
№ 4 Исаның елшілерін өзінің кетуіне дайындауы (gt 116-тар., 1 —14 абз.)
14 шіл. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 18—21 3-ән
Сабақ. Неден бастау керек? (be 251-бет, 4-абз. — 252-бет, 3-абз.)
№ 1 Қауымға арналған баяндамаларды дайындау (be 47-бет, 1-абз. — 49-бет, 1-абз.)
№ 3 Исаның нағыз достары кім? (gt 116-тар., 15 — 25 абз.)
№ 4 Мысырдан шығу 23:19ә-дегі заңнан қандай сабақ алуымызға болады?
21 шіл. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 22—25 23-ән
Сабақ. Қай кезде жол берген дұрыс? (be 252-бет, 4-абз. — 253-бет, 1-абз.)
№ 1 Қызмет кездесуіне және басқа да кездесулерге баяндамалар дайындау (be 49-бет, 2-абз. — 51-бет, 2-абз.)
№ 3 Ехоба куәгерлері Жохан 13:34, 35-тегі сөздерді қалай орындап жүр?
№ 4 Исаның шәкірттерін дайындап, жігерлендіруі (gt 116-тар., 26—37 абз.)
28 шіл. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 26—28 16-ән
Сабақ. Сұрақтар қою және дәлелдер келтіру (be 253-бет, 2-абз. — 254-бет, 2-абз.)
№ 1 Адал болудың пайдасы (w05 1.9 4 — 7 бет.)
№ 3 Исаның жоғарғы бөлмеде айтқан соңғы дұғасы (gt 116-тар., 38—51 абз.)
№ 4 Не себепті Ехоба шыдамдылық танытып отыр?
4 там. Киелі кітапты оқу. Жақып 1—5 6-ән
Сабақ. Құдай Сөзіне берік негізделген салмақты дәлелдер (be 255-бет, 1-абз. — 256-бет, 2-абз.)
№ 1 Даулы сұрақта олар кімнің жағына шықты? (wt 54 — 57 бет., 9 — 15 абз.)
№ 2 Жақып 1:1—21
№ 3 Періштелер Құдайдың қызметшілерін қалай қорғап, нығайтады?
№ 4 Бақтағы жан азабы (gt 117-тар.)
11 там. Киелі кітапты оқу. Петірдің 1-хаты 1 — Петірдің 2-хаты 3 15-ән
Сабақ. Қосымша дәлелдер келтір (be 256-бет, 3—5 абз.)
№ 1 Көпшілікке арналған баяндаманы дайындау (be 52-бет, 1-абз. — 54-бет, 1-абз.)
№ 3 Исаға жасалған сатқындық және оның тұтқындалуы (gt 118-тар.)
№ 4 Әділдік бізді қалай қорғай алады?
18 там. Киелі кітапты оқу. Жоханның 1-хаты 1 — Яһуданың хаты 10-ән
Сабақ. Жеткілікті дәлел келтіру (be 256-бет, 6-абз. — 257-бет, 3-абз.)
№ 1 Жеке өзіміз қалай жауап береміз? (wt 57—59 бет., 16—18 абз.)
№ 3 Өсек айтудың және оны жаюдың қандай қаупі бар?
№ 4 Исаның қорлық көруі және заңсыз сотталуы (gt 119-тар.)
25 там. Киелі кітапты оқу. Римдіктерге 1—4 17-ән
Сабақ. Жүрекке жеткізіп сөйлеуге тырыс (be 258-бет, 1 — 259-бет, 1-абз.)
Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
1 қырк. Киелі кітапты оқу. Римдіктерге 5—8 12-ән
Сабақ. Адамның жүрегіндегісін сарқып ал (be 259-бет, 2 — 4 абз.)
№ 1 Шын берілгендігімізді қалай көрсете аламыз? (wt 66—69 бет., 13—18 абз.)
№ 3 Петірдің адам алдындағы қорқынышқа бой алдырып, Мәсіхтен тануы (gt 120-тар.)
№ 4 Байлық Құдайдың жарылқап жатқанын білдіре ме?
8 қырк. Киелі кітапты оқу. Римдіктерге 9—12 26-ән
Сабақ. Тыңдаушылардың ойында жағымды сезімдерді оят (be 259-бет, 5-абз. — 260-бет, 1-абз.)
№ 1 Шайтанның зұлым тәсілдері (wt 72—75 бет., 7—12 абз.)
№ 3 Неге Құдайдың айтқандарын іске асырушыны бақытты деуге болады?
№ 4 Исаның Жоғарғы кеңестің және Пилаттың алдында шындықты батылдықпен айтуы (gt 121-тар.)
15 қырк. Киелі кітапты оқу. Римдіктерге 13—16 21-ән
Сабақ. Адамдарға Құдайға ұнамды қорқыныш дамытуға көмектес (be 260-бет, 2, 3-абз.)
№ 1 Жеңімпаз болу үшін “рухани қару-жарақты” асыну (wt 75—78 бет., 13—15 абз.)
№ 3 Пилат та, Ирод та Исаға еш кінә таға алмады (gt 122-тар.)
№ 4 Шынайы мәсіхшілердің қуғын-сүргінді қуанышпен қарсы алуының себебі
22 қырк. Киелі кітапты оқу. Қорынттықтарға 1-хат 1—9 14-ән
Сабақ. Қалай жүріп-тұратынымыз Құдайға бәрібір емес (be 260-бет, 4-абз. — 261-бет, 1-абз.)
№ 1 Қайта тірілу неліктен мәсіхшілер сенімінің іргетасы болып табылады? (wt 80—87 бет., 4—15 абз.)
№ 2 Қорынттықтарға 1-хат 4:1—17
№ 3 Неліктен шынайы мәсіхшілер бұл дүниелік емес?
№ 4 Неге Пилат Исаны көрсетіп, “сол Адам — мынау” деп айтқан (gt 123-тар.)
29 қырк. Киелі кітапты оқу. Қорынттықтарға 1-хат 10—16 23-ән
Сабақ. Адамдарға өздерін тексеруге көмектес (be 261-бет, 2—4 абз.)
№ 1 Қайта тірілуге деген үміт күш береді (wt 88, 89-бет, 16—18 абз.)
№ 2 Қорынттықтарға 1-хат 13:1—14:6
№ 3 Неге Пилат Исадан қорықты? (gt 124-тар.)
№ 4 Сүйіспеншілік адам алдындағы қорқынышты жеңеді
6 қаз. Киелі кітапты оқу. Қорынттықтарға 2-хат 1—7 7-ән
Сабақ. Адамды шын жүректен мойынсұнуға үйрет (be 262-бет, 1—4 абз.)
№ 1 Ең жақсы білімнің пайдасын көріңіз (w05 1.11 4—7 бет.)
№ 2 Қорынттықтарға 2-хат 1:1—14
№ 3 Кешірім сұрау — әлсіздіктің белгісі емес
№ 4 Исаның адамзатқа деген сүйіспеншілігінің дәлелі (gt 125-тар.)
13 қаз. Киелі кітапты оқу. Қорынттықтарға 2-хат 8—13 20-ән
Сабақ. Адамдардың жүректеріне әсер ету үшін Ехобамен қызметтес болу (be 262-бет, 5-абз.)
№ 1 Қазірдің өзінде қандай жетістіктер айқын? (wt 98—100 бет., 15—17 абз.)
№ 2 Қорынттықтарға 2-хат 9:1—15
№ 3 Қалай Иса соңына дейін жақсы үлгі көрсетіп кетті? (gt 126-тар.)
№ 4 aСтреспен қалай күресуге болады?
20 қаз. Киелі кітапты оқу. Ғалаттықтарға 1—6 13-ән
Сабақ. Берілген уақыттан асырмай аяқтау үшін не істеу керек? (be 263-бет, 1-абз. — 264-бет, 4-абз.)
№ 1 Еш нәрсенің Патшалық туралы ақиқатты тұншықтыруына жол берме (wt 102—106 бет., 4—9 абз.)
№ 3 Неге Исаның қабірге қойылуы мен қабірдің бос тұруы бізді қызықтыруға тиіс? (gt 127-тар.)
№ 4 bЕхоба куәгерлерінің басқа діндерден айырмашылығы қандай?
27 қаз. Киелі кітапты оқу. Ефестіктерге 1—6 10-ән
Сабақ. Айтқан насихаттарың әсерлі болсын (be 265, 1—3 абз.)
Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
3 қар. Киелі кітапты оқу. Філіпіліктерге 1 — Қолостықтарға 4 21-ән
Сабақ. Сүйіспеншілікпен насихат айту (be 266-бет, 1—4 абз.)
№ 1 Өмірлеріңде Патшалықты бірінші орынға қойыңдар (wt 106—109 бет., 10—15 абз.)
№ 3 Исаның қайта тірілуінің қуаныш әкелуі (gt 128-тар.)
№ 4 c Неге рухани өсу үшін қауым кездесулеріне бару маңызды?
10 қар. Киелі кітапты оқу. Салониқалықтарға 1-хат 1 — Салониқалықтарға 2-хат 3 26-ән
Сабақ. Жазбаларға негізделген насихат (be 267-бет, 1, 2-абз.)
№ 1 Мәсіхшілердің суға шомылдыру рәсімі (wt 112—119 бет., 7—16 абз.)
№ 2 Салониқалықтарға 1-хат 1:1—2:8
№ 3 Қайта тірілуге деген сенімнің нығаюы (gt 129-тар.)
№ 4 Шынайы және жалған кішіпейілділіктің айырмашылығы
17 қар. Киелі кітапты оқу. Тімотеге 1-хат 1 — Тімотеге 2-хат 4 5-ән
Сабақ. Батылдықпен сөйлеу (be 267-бет, 3, 4-абз.)
№ 1 Ехобаның тағының алдындағы өте үлкен тобыр (wt 121—127 бет., 5—17 абз.)
№ 3 Исаның сүйіспеншілікті қалай таныту керек екенін түсіндіруі (gt 130-тар.)
№ 4 Кешірімшіл болу қалайша бірлікке ықпал етеді?
24 қар. Киелі кітапты оқу. Титке 1 — Філимонға 9-ән
Сабақ. Басқаларды жігерлендірудің маңыздылығы (be 268-бет, 1—3 абз.)
№ 1 Ехоба өзінің ұйымына қалай басшылық беруде? (wt 129—135 бет., 5—15 абз.)
№ 2 Титке 1:1—16
№ 3 Исаның шәкірттерін нығайтуы (gt 131-тар.)
№ 4 Қай мағынада “мейірім соттаудан үстем”? (Жақ. 2:13)
1 желт. Киелі кітапты оқу. Еврейлерге 1—8 27-ән
Сабақ. Ехобаның істерін естеріне сал (be 268-бет, 4-абз. — 269-бет, 2-абз.)
№ 1 Һар-магедон — жаңа дәуірдің нышаны (w05 1.12. 4—7 бет.)
№ 3 Иса Құдайдың оң жағында не істеп отыр? (gt 132-тар.)
№ 4 dҚұдай Патшалығын басты орынға қою деген нені білдіреді?
8 желт. Киелі кітапты оқу. Еврейлерге 9—13 22-ән
Сабақ. Ехобаның өз халқына қалай көмектесіп келе жатқанын көрсет (be 269-бет, 3—5 абз.)
№ 1 Кеңеске құлақ асып, түзетуді қабыл ал (wt 136—139 бет., 1—9 абз.)
№ 3 Неге Иса тарихтағы ең Ұлы Адам болды дей аламыз? (gt 133-тар.)
№ 4 eҚұрдастардың қысымына қалай төтеп беруге болады?
15 желт. Киелі кітапты оқу. Аян 1—6 11-ән
Сабақ. Сені Құдайдың қазіргі істері таңдандыратынын көрсет (be 270-бет, 1-абз. — 271-бет, 2-абз.)
№ 1 Құнды қасиеттерді дамыту (wt 140—143 бет., 10—16 абз.)
№ 2 Аян 3:1—13
№ 3 Неге әрбір адам “Ең ұлы адам” кітабын оқып шығуға тиіс? (кітаптың кіріспесіне негізделген тапсырма)
№ 4 Құдайдың шыдамдылығы мен рақымының шегі бар
22 желт. Киелі кітапты оқу. Аян 7—14 15-ән
Сабақ. Теократиялық қызмет мектебінің толықтай пайдасын көр (be 5-бет, 1-абз. —8-бет, 1-абз.)
№ 1 “Бір-біріңді шынайы сүйіңдер” (wt 144—148 бет., 1—10 абз.)
№ 2 Аян 8:1—13
№ 3 Кемелді өмірден адам жалыға ма?
№ 4 “Құдай жүрегімізден жоғары” деген сөздерді қалай түсінуге болады? (Жох. 1-х. 3:20)
29 желт. Киелі кітапты оқу. Аян 15—22 17-ән
Сабақ. Сауатты оқу (be 83-бет, 1-абз. — 84-бет, 1-абз.)
Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
[Сілтемелер]
a Тек ер бауырласқа тапсырылады.
b Тек ер бауырласқа тапсырылады.
c Тек ер бауырласқа тапсырылады.
d Тек ер бауырласқа тапсырылады.
e Тек ер бауырласқа тапсырылады.