Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінде 2007 жылғы 29 қазаннан басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2007 жылғы 2 қыркүйектен басталатын апта мен 29 қазаннан басталатын апта аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетіңше зерттеу жүргізуің керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Неліктен қайталауды тәлім берудің маңызды тәсілі деуге болады? (be 206-б. 1, 2-абз., қоршау)
2. Тақырыпты ашу үшін не істеу керек? (be 210-б., қоршау.)
3. Баяндаманың негізгі ойлары деген не және оларды қалай таңдау керек? (be 212-б. 1—3 абз.)
4. Неліктен негізгі ойлар тым көп болмау керек? (be 213-б. 2—4 абз.)
5. Алғы сөзіміздің қызығушылық оятқаны неліктен маңызды және ол үшін не істеу керек? (be 215-б. 1-абз.; 216-б. 1—3 абз., қоршау)
№1-ТАПСЫРМА
6. Исаның қайта тірілуге қатысты сұрақ қойған Саддукейлерге берген жауабынан неге үйрене аламыз? (Лұқа 20:37, 38) (be 66-б. 4-абз.)
7. Киелі кітапты зерттеп жүрген адам немесе бір бауырлас қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін сұраса, қалай жауап бергенің дұрыс? (be 69-б. 4-абз. — 70-б., 1-абз.)
8. ‘Ақыл-ойдың жаңаруы’ нені білдіреді? (Ефес. 4:23) (be 74-б. 4-абз.)
9. Забур 118:89, 90 Құдай сөзіне сенім арта алатынымызды қалай түсіндіреді? (w05 15.4 13-б. 3-абз.)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
10. а) Марқа 13:14-те айтылған “жексұрын нәрсе” бірінші ғасырда не болды? ә) “Тұрмауға тиісті жерде” деген сөздер неге қатысты болды?
11. Исаның Құдайға деген сенімі ешқашан әлсіремеген болса, неге ол: “Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың”— деп айқайлаған? (Мар. 15:34) (w91-U 15.9 5-б.)
12. Лұқа жазған ізгі хабардан Исаның Дәуіт тағының заңды мұрагері екендігі қалай көрінеді? (Лұқа 3:23—38) (w92-U 1.10 9-б, 3-абз)
13. Исаның Лұқа 12:2-де жазылған сөздері нені білдіреді?
14. Исаның көрнекті мысалындағы періштелердің жоғалған теңгеге деген көзқарасы не себепті көңіл бұрарлық нәрсе? (Лұқа 15:10) Періштелердің үлгісі бізді не нәрсеге талпындырады?
15. Лұқа 22:29-да (ЖД) қандай екі бітім туралы айтылады?