Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінде 2007 жылғы 27 тамыздан басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2007 жылғы 7 шілдеден басталатын апта мен 27 тамыздан басталатын апта аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетіңше зерттеу жүргізуің керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Қызметте және қауымда қалайша өзгелерге құрмет көрсете аламыз? (be 192-б. 3—5 абз.)
2. Сенімділігіміз неден көрінеді? (be 196-б. 1—3 абз.)
3. Куәлік бергенде әдепті болу үшін не істеуіміз керек? (be 198-б. 1—5 абз.)
4. Неліктен уағыздау кезінде әдептілік сақтау үшін сөздерді орнымен айтқан дұрыс? (Нақ. с. 25:11) (be 199-б. 1—3 абз.)
5. Жағымды мәнермен сөйлеу үшін не істеу керек? (be 203-б. 3-абз.—204-б. 1-абз.)
№1-ТАПСЫРМА
6. Тәлімгер ретінде Исаның мақсаты не еді және біз оған қалай еліктей аламыз? (be 57-б. 1-абз.)
7. Неге тәлім бергенде қайшылықтарды қолдану пайдалы? (be 57-б. 3, 4-абз.)
8. Неліктен тәлім бергенде адамның жүрегіне жеткізуге талпынуымыз керек? (be 59-б. 1-абз.)
9. Тәлім беріп жүрген адамдарымызға біздің үлгіміз қалай әсер етеді? (be 61-б. 1-абз.)
10. Үй ішіндегілермен дұрыс әңгімелесуді қалай үйрене аламыз? (be 62-б. 3-абз.)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
11. Егер бауырласыңды ренжітіп қойғандай болсаң, Исаның Матай 5:24-тегі сөздеріне сай не істеуің керек? (g96-U 8.2 26, 27-б.)
12. Дұрыс не дұрыс емес: Құдай Патшалығы көкте 1914 жылы орнағандықтан, бұдан былай “Патшалығың осында орнасын” деп дұға етудің қажеті жоқ (Мат. 6:10). Түсіндір. (be 279-б; w96-U 1.6 31-б.)
13. Исаның Матай 11:24-те айтқан сөздері Содом мен Ғоморадағы Ехоба отпен жойған адамдар қайта тіріледі дегенді білдіреді. Түсіндір.
14. Дұрыс жауапты таңдаңдар: Исаның Матай 13:47—50 жазылған мысалындағы “ау” майланған мәсіхшілер қауымы мен а) Мәсіх басқарған Құдай Патшалығын; ә) олардың серіктерін, яғни басқа қойларды; б) христиан әлемін білдіреді. (w92-U 15.6. 20-б.).
15. Иса Матай 24:45—47 айтқан адал да ақылды құл — а) Ехоба Куәгерлерінің Басқарушы кеңесі; ә) Жер бетіндегі (кез келген уақытта болған) майланған мәсіхшілер тобы; б) Иса Мәсіхтің өзі. Бұл қызметші ‘үйіндегілерді’ уақтылы рухани ас-сумен қамтамасыз етеді. Бұл ‘үйіндегілер’ а) жеке алғандағы майланған мәсіхшілерді; ә) басқа қойларды; б) мәсіхшілердің әдебиеттерін оқитын адамдардың барлығын білдіреді. Қожайын қызметшіні бүкіл меншігіне қараушы етіп а) 1914 жылы; ә) б. з. 33 жылы; б) 1919 жылы тағайындаған (30 шіл., w93-U 1.5. 16—18 б.; сондай-ақ br-3-U 6-б. қара).