Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Тамызда “Өлген соң адаммен не болады?” кітапшасы және қолда бар кез келген 32 беттік кітапша. Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді” кітабы. Адаммен алғашқы кездескен кезде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Кітапты алған адамдардың бәріне Киелі кітап зерттеу сабағын бастау үшін қайта бару керек. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқан адамға “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсыныңдар және Киелі кітапқа деген қызығушылығын арттыруға тырысыңдар. Қарашада “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Егер үй иесі баламыз жоқ десе, “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” деген не оның жағдайын ескере отырып, басқа трактатты ұсын.
◼ Қыркүйек айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, бұл айда қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.
◼ Қайтадан қауым мүшесі болғысы келетін, қауымнан шығарылған немесе шындықтан бас тартқан адамдарға қатысты 1991 жылғы “Күзет мұнарасының” (ор.) 15 сәуірдегі нөмірінің 21—23 дейінгі беттерінде берілген басшылықты ұстануды ақсақалдардың естеріне саламыз.
◼ 2007 жылғы 26 мамырда Алматы облысында, Боралдай ауылында Патшалық сарайының бағышталуы өткенін қуана хабарлаймыз. Бағышталуға арналған бағдарламаны тыңдауға 233 адам келді.