Қауымның кітап зерттеу кездесуінің пайдасы
1. Апта сайынғы кездесулеріміздің қандай пайдасы бар?
1 Апта сайын өтетін кездесулеріміздің өткізілу жолы да, мақсаты да әртүрлі. Дегенмен, ‘өзара сүйіспеншілік көрсетіп, игілік істеуге қозғау салуға’ көмектесуге келгенде, олардың маңызсызы жоқ (Евр. 10:24, 25). Олай болса, кітап зерттеу кездесуінің ерекшелігі мен пайдасы неде?
2. Кітап зерттеу кездесуіне шағын топ жиналатындықтан, оның қандай пайдасы бар?
2 Рухани өсуге көмектеседі. Әдетте кітап зерттеу кездесуіне басқа кездесулерге қарағанда әлдеқайда аз адам қатысады. Сондықтан мұнда рухани нығайтатын достық қарым-қатынас дамыту да оңайырақ (Нақ. с. 18:24). Өзіңнің кітап зерттеу тобыңдағы бауырластармен жеке танысуға тырысасың ба? Ол үшін олардың әрқайсысымен қызметке шығуыңа болады. Осы кездесудің арқасында кітап зерттеу тобының бақылаушысы топтағы әрбір адамның жағдайымен жеке танысып, оларды жігерлендіре алады (Нақ. с. 27:23).
3. Неге кітап зерттеу кездесуіне қызығушыларды ертіп келу және онда түсініктеме беру оңайырақ?
3 Қызығушыларыңды кітап зерттеу кездесуіне шақырасыңдар ма? Үлкен кездесулерге барудан тартыншақтайтын қызығушылар кішігірім кездесуге, әсіресе егер ол жеке үйде өтетін болса, баруға келісуі мүмкін. Жылулық есіп тұратын осындай кездесуде жастар мен жаңадан келіп жүргендерге түсініктеме беру оңайырақ. Сонымен қатар адам аз болғандықтан, бәрімізде де түсініктеме беріп, Ехобаны мадақтаудың көбірек мүмкіндігі болады (Заб. 110:1).
4. Кітап зерттеу кездесуі қай жағынан ыңғайлы болуы мүмкін?
4 Кітап зерттеу кездесулері көбінше қауым аумағындағы ыңғайлы жерлерде өтеді. Бәрін бірдей ең жақын жердегі топқа тағайындау мүмкін емес, дегенмен басқа кездесулерге қарағанда кітап зерттеу тобыңа бару үшін азырақ уақыт кетуі мүмкін. Сонымен қатар кітап зерттеу өтетін жер уағыздауға арналған кездесулерді өткізуге де қолайлы болуы ықтимал.
5. Кітап зерттеу бақылаушысы қызметімізді жақсартуға қандай көмек көрсете алады?
5 Қызметті жақсартуға көмектеседі. Кітап зерттеу бақылаушысы топтағы әрбір жариялаушының жүйелі түрде, жемісті де қуанышты қызмет етуіне көмектесуге дайын. Сондықтан ол әр жариялаушымен қызметке шығып, оларға қызметтің әртүрлі саласына қатысты жеке көмек көрсетуге тырысады. Қайта бару сияқты уағыздау қызметінің қандай да бір түріне қатысу саған қиынға соғатын болса, кітап зерттеу тобының бақылаушысымен сөйлес. Ол топтағы тәжірибелі жариялаушыдан саған көмек көрсетуін өтінуі мүмкін. Сондай-ақ кітап зерттеу кездесуінде бақылаушының тәлім беру әдістеріне назар аудара отырып, зерттеу сабақтарын жүргізу шеберлігіңді арттыра аласың (Қор. 1-х. 4:17).
6. Неліктен кітап зерттеу кездесуінің толықтай пайдасын көруге тырысуымыз керек?
6 Қауымның кітап зерттеу кездесуін зор бата деп қарастырамыз! Ехобаның сүйіспеншілікпен қарастырған осы шарасы қазіргі қиын-қыстау уақытта рухани нық тұруымызға көмектеседі (Заб. 25:12).