“Күзет мұнарасындағы” тамаша өзгерістер!
1 Биыл қауымдарда ерекше бір хабарландыру болды: 2008 жылғы қаңтардан бастап “Күзет мұнарасының” таратуға және Куәгерлерге арналған екі түрі шығатын болады. Жаңа жылдан бастап казақ тілінде “Күзет мұнарасының” талқылауға арналған басылымы айына бір мәрте, ал таратуға арналған басылымы үш айда бір мәрте шығатынын қуана хабарлаймыз! Бәлкім сен: “Осы екі журналдың қандай айырмашылығы бар? Екі бөлек басылымның артықшылығы неде? Олардың мазмұнында қандай да бір өзгерістер бола ма?”— деп ойланған шығарсың.
2 Журналдардың айырмашылығы. Таратуға арналған басылымдағы мақалалар көпшілікке арналып жазылады. Ал талқылауға арналған басылым уағыздау кезінде ұсынылмайды. Онда бір айда талқыланатын мақалалар мен Куәгерлерге қызықты болатын қосымша мақалалар жарияланады. Ұсынуға арналған басылым Куәгерлер үшін ғана пайдалы болмайды. Ол бірінші кезекте Киелі кітапқа құрметпен қарайтын басқа адамдарға арналған. Ал “Ояныңдар!” журналы бұдан былай да скептиктер мен мәсіхші дінін ұстанбайтын адамдарды қоса алғанда, көпшілік үшін шығарыла береді.
3 Артықшылығы. Талқылауға арналған басылымда Куәгер емес адамдар түсіну үшін “ізашар” деген сияқты терминдерді түсіндіріп жатудың қажеті болмайды. Бұл басылымда Ехоба Куәгерлері мен рухани өсіп жатқан қызығушылар үшін арнайы дайындалған басқа да мақалалар жарияланып тұрады. Ал ұсынуға арналған басылым туралы не деуге болады? Бұл журналдың мақсаты ондағы мақалалар мен жазылу мәнеріне әсер ететіндіктен, Куәгер емес адамдар оны бастан-аяқ қызыға оқып шығатын болады. Әрине, Ехоба Куәгері үшін журналдың қайсысы болса да пайдалы. Сондай-ақ “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналын ұсыну жолдарын жақсарта беруге бізде көбірек уақыт болады.
4 Журналдағы өзгерістер. Ұсынуға арналған “Күзет мұнарасында” тамаша өзгерістер жасалмақшы. Бір мақалада Киелі кітаптың негізгі ілімдері өте қарапайым түрде талқыланса, басқасында отбасылар Киелі кітаптың қандай пайдасын көре алатыны туралы жазылады. Сондай-ақ жастар үшін Киелі кітапты зерттеуге көмектесетін мәлімет болады. Журналдың әр басылымында Киелі кітаптың Ехобаның болмысын ашатын белгілі бір үзіндісі қарастырылатын мақала жарияланып тұрады.
5 Ехоба “Күзет мұнарасына” қатысты жасалған осы өзгерістерге батасын берсін деп дұға етеміз. Бұл журнал “Ояныңдар!” журналымен бірге көптеген лайықты адамға ізгі хабарды жеткізе берсін! (Мат. 10:11)