Қызмет кездесулерінің кестесі
9 шілдеден басталатын апта
22-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Нағыз бақыт ненің арқасында келеді? 2006 жылғы 1 маусымдағы “Күзет мұнарасының” 18-бетіндегі 11, 12-абзацтарға негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Өмірін ләззат-ермек пен мансапқа бағыштамай, қызметті басты орынға қойған бауырласпен қысқаша сұхбаттас. Рухани мақсаттар қоюға оны не талпындырғанын, сондай-ақ бұдан қандай қуаныш алатынын сұра.
20 мин. Сауалдар жәшігі. Бұл бөлімді ақсақал дайындайды. Мақаланы толықтай оқып, талқылау керек. 2005 жылғы 22 мамырдағы “Ояныңдар!” (ор.) журналының 13, 14-беттеріндегі “Қулық пен өтіріктің қаупі” және “Жүзбе-жүз сөйлесудің артықшылығы” деген тақырыпшалардағы ойларға тоқталып өт.
9-ән және соңғы дұға.
16 шілдеден басталатын апта
7-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. 4-беттегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 шілдедегі нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
20 мин. Қауымның ынтымағы мен тазалығын сақтау. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 144-бетінен 150-беттегі тақырыпшаға дейінгі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
15 мин. “Күзет мұнарасындағы” тамаша өзгерістер!a.
8-ән және соңғы дұға.
23 шілдеден басталатын апта
15-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
20 мин. Өзара қонақжай болыңдар. 2005 жылғы 15 қаңтардағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 21—23 дейінгі беттеріне негізделген баяндама. Қонақжайлылығымен танымал бір-екі бауырласпен қысқаша сұхбаттас. Қонақжайлылықты көбірек таныту үшін олар не істеді? Соның арқасында өздері және отбасылары қандай батаға ие болды?
15 мин. Жақсы ұсыныс дайындау. “Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастыру жолдары” (ор.) кітапшасының 2-бетіндегі 1, 2-абзацтарын залдағылармен талқылау. Тамыз айындағы әдебиеттерді ұсынудың екі жолын көрсет.
4-ән және соңғы дұға.
30 шілдеден басталатын апта
23-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Шілде айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
15 мин. Жанқиярлық Ехобаның батасына кенелтеді. 2005 жылғы 15 қарашадағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 8, 9-беттеріне негізделген баяндама.
20 мин: “Сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты!”b. 3-абзацқа келгенде, залдағылардан күтпеген жерден сынаққа кезіккенде күшті сенімнің қалай көмектескенін сұра. Бір-екі бауырластан жауапты алдын ала дайындауын өтінуге болады.
1-ән және соңғы дұға.
6 тамыздан басталатын апта
12-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин: “Неге біз қайта-қайта бара береміз?”c. 5-абзацқа келгенде, бұрын шындыққа қарсы болған немесе қызығушылық танытпаған бауырластардан қызығушылықтарының оянуына не септігін тигізгенін сұра.
3-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.