Адамдар үйлерінде болмаған кезде
1. Үйме-үй уағыздаудың қандай қиындығы бар?
1 Көп жерде адамдарды үйлерінен табу күннен күнге қиындап барады. Қазіргі “қиын-қыстау” күндері көп адам бір үзім нан үшін азаннан қара кешке дейін еңбек етеді (Тім. 2-х. 3:1). Тағы біреулер ақшаларын жарату мақсатымен, болмаса көңіл көтеру үшін үйлерінен кетіп қалуы мүмкін. Мұндай адамдарға ізгі хабарды жеткізу үшін не істеуімізге болады?
2. Үйлерінен таппаған адамдарға куәлік берілу үшін не істеуіміз керек?
2 Жақсылап жазып ал. Алдымен, адамдары болмаған үйлерді жазып ал. Әсіресе учаскеңді жиі аралайтын болсаң, осылай еткенің маңызды. Кей жағдайда қолайлырақ уақытта келе алатын жариялаушыға беру үшін мұндай үйлерге қатысты мәліметті бөлек жазып алған дұрыс. Мұндайда көшенің атын, учаскенің нөмірін, өз есіміңді және онда қай күні уағыздағаныңды жазуың керек. Қызығушылық танытқан адамдарға не ешкім болмаған үйлерге өзің, болмаса өзге жариялаушы қайтып келгенде жазу үшін, дәптеріңде орын қалдыруыңа болады. Учаскені аралап шыққан соң, жазуларыңды сол учаскеде жүрген жариялаушыға өткізуді ұмытпа. Егер үйінде болмаған адамдарға сен баратын болып келіссеңдер, оны өткізбей тұруыңа болады. Ал өзің қайта баратын адамдар туралы мәліметтерді бөлек жаз.
3. Үйінде болмаған адамдармен сөйлесудің қандай жолдары бар?
3 Басқа уақытта келуге тырыс. Мүмкін, аптаның ішінде үйлерінде болмайтын кейбір адамдарды кешкі уақытта не демалыс күндері табуға болатын шығар. Олай болса, ыңғайлырақ уақытта келу үшін өз кестеңе өзгеріс ендіре аласың ба? (Қор. 1-х. 10:24) Егер бұл мүмкін болмаса, адамдарын таппаған үйлерді жазып алып, басқа уақытта келе алатын жариялаушыға берерсің. Мүмкін, бұл адамдарға үйме-үй жүруді денсаулықтары көтермейтін жариялаушылармен бірге хат жазарсың не телефон соғарсың. Олар сенімен бірге қызмет етуге қуанышты болуы мүмкін.
4. Адамдары болмаған үйлерге қайта барудың маңыздылығы қандай оқиғадан көрінеді?
4 Келесі оқиға үйлерінде болмаған адамдарға жолығу үшін күш салудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Жариялаушылар өздері үнемі барып тұрған бір үйдің иесімен үш жылдан соң ғана жүздеседі. Сөйтсе, ол үйде тұратын әйел мұнда көшіп келмей тұрғанда бастаған Киелі кітап зерттеу сабағын жалғастыру үшін Куәгерлерді үш жыл бойы күтіп жүрген екен.
5. Учаскені қай кезде толық аралап шықтық деп айта аламыз?
5 Учаскеңді толық аралап шық. Егер мүмкіндігінше әрбір үйдің адамдарымен сөйлесуге тырысқан болсақ, учаскені толық аралап шықтық деп есептеуге болады. Адамдары болмаған үйлерге, әсіресе учаске сирек уағыздалатын болса, сырт көзге байқалмайтындай етіп трактат не ескі журналдардың бірін тастап кеткен дұрыс болар. Учаскені төрт айдың ішінде толық аралап шыққан жөн. Оны біте салысымен учаскеге жауапты бауырласқа айту керек. Ол учаскенің қашан араланғанын жазып қояды.
6. Неге ізгі хабарды учаскеміздегі әрбір адамға жеткізуге тырысуымыз керек?
6 Біз неғұрлым көп адамның Ехобаның есімін шақыруды үйреніп, құтқарылғанын қалаймыз (Рим. 10:13, сілтеме; 14). Бұл біз үйме-үй жүргенде үйлерінде болмаған адамдарға да қатысты. Ендеше, елші Пауыл сияқты “Құдайдың рақымы жайлы ізгі хабарды таратып, түбегейлі куәлік” етуді мақсат етіп қойыңдар (Ел. іс. 20:24, ЖД).