Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінде 2007 жылғы 30 сәуірден басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2007 жылғы 5 науырыздан басталатын апта мен 30 сәуірден басталатын апта аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Баяндама жоспары қарапайым болу үшін не істеуіміз керек? (be 168-б., 4-абз.)
2. Материалды қисынды етіп жеткізудің төрт тәсілін айтыңдар. (be 170-б., 3-абз.—172-б., 4-абз.)
3. Баяндамаға материал таңдағанда, қандай жайттарды есте ұстауымыз керек? (be 173-б. 2, 3-абз.)
4. Еркін сөйлеудің қандай пайдасы бар? (be 175-б., 2—4 абз.)
5. Неге ауызекі тілде сөйлеу маңызды және бұны қалай үйренуге болады? (be 179-б. 4-абз., қоршау; 180-б., қоршау)
№1-ТАПСЫРМА
6. Забур жырларында қандай пайдалы хабар жазылған? (bsi06-U 17, 18-б., 23-абз.)
7. Нақыл сөздер кітабы қашан жазылып, қашан жинақталды? (bsi-U 21-б., 5-абз.)
8. Нақыл сөз деген не және неге бұл кітаптың еврейше атауы орынды таңдалған? (bsi-U 21-б., 6-абз.)
9. Нақыл сөздер кітабы өзінің мақсаты туралы не айтады? (bsi-U 22-б., 19-абз.)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
10. Қалай Дәуіт ‘емшектен шығарылған сәбидей жан дүниесін тыныштандырды’ (сілтемені қараңдар) және біз одан қандай үлгі ала аламыз? (Заб. 130:1—3)
11. Забур 138:7—12 дейінгі сөздерден қандай жұбаныш табуға болады.
12. Қай мағынада Ехобадан қорқу білім мен даналықтың бастауы болып табылады? (Нақ. с. 1:7; 9:10, ЖД)
13. Нақыл сөздер 7:1, 2-де ‘сөздерім’ мен ‘өсиетім’ дегенге не жатады?
14. Қалайша “ренжіген ағайын — бекітілген қаладай” болады? (Нақ. с. 18:19)
15. “Тәңірге бет бұрған толықтай ұғар”,— деген сөздерді қалай түсінуге болады? (Нақ. с. 28:5)