Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Сәуір және мамыр айларында “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық білдірген, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға қайта барғанда, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға тырысыңдар. Олармен осы кітап бойынша Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Маусымда “Отбасы бақыты” кітабы немесе “Құдай талап етеді” кітапшасы. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға тырысыңдар. Шілдеде “Құдайдың басшылығы” кітапшасы және қолда бар кез келген 32 беттік кітапша.
◼ Сәуірден бастап 2007 жылғы облыстық конгреске арналған плакеткалар қауымдарға әдебиетпен жіберіледі. Оларға арнайы тапсырыс берудің қажеті жоқ. Егер қосымша плакеткалар қажет болса, “Әдебиетке тапсырыс беру бланкі” (S-14) арқылы тапсырыс беру керек. Ал қауымдағыларға плакетка тұтқыштар қажет болса, оған да тапсырыс беру керек.
◼ Егер саяхаттап басқа елге барғанда, сол елдегі қауым кездесулеріне, аудандық не облыстық конгреске қатысуды жоспарлайтын болсаңдар, олардың өтетін күнін, уақытын және жерін білу үшін сол жердегі қызметті қадағалайтын филиалға жазыңдар. Филиалдардың мекен-жайын осы жылғы “Жылнаманың” соңғы бетінен табуға болады.
◼ Барлық төрағалық етуші бақылаушылар мен хатшылардың және оқшау топтарға жауапты бауырластардың ең соңғы мекен-жайлары мен телефон нөмірлері офисте болуы керек. Өзгерістер болған жағдайда қауымның қызмет комитеті “Төрағалық етуші бақылаушының/хатшының өзгерген мекен-жайы” (S-29) бланкін толтырып, қол қойып, офиске жіберуі керек. Олар тұратын қаланың коды өзгергені туралы да осылай хабарлау керек.
◼ Қауым хатшысында “Жалпы ізашар болуға өтініш” (S-205) және “Қосалқы ізашар болуға өтініш” (S-205b) бланктері жеткілікті мөлшерде болу керек. Оларға “Әдебиетке тапсырыс беру бланкі” (S-14) арқылы тапсырыс беруге болады. Қауымда кемінде бір жылға жететін бланктер болсын. Жалпы ізашар болуға өтініш бланктерін офиске жіберер алдында қауым хатшысы олардың толық толтырылуын қадағалауы керек.