Өміріңді не нәрсеге арнайсың?
1 Кейде үлкендер балалардан өскенде кім болғысы келетінін сұрап жатады. Сен бала кезіңде кім болғың келген еді? Дәрігер ме, әлде космонавт па, аудандық бақылаушы ма, әлде арнайы ізашар ма? Алайда қазір сен есейдің, сондықтан енді өзіңнен: Қандай мақсаттарға ұмтылуыма болады? деп сұрауың керек. Сен шешім қабылдауға дайынсың ба?
2 Ехобаның ұйымы мүмкіндігінше дұрыс шешім қабылдауыңа көмектесу үшін “Жастардың сауалдары. Өмірімді неге арнауыма болады?” деп аталатын DVD-дискте жазылған фильмді шығарды. Бұл дисктің мазмұны “Негізгі меню” деп аталатын қоршауда көрсетілген.
3 Фильм. Фильмді көре отырып, келесі сұрақтарды қарастыр: 1) Мәсіхшілердің грек жазбаларындағы Тімоте мен Андренің қандай ұқсастықтары бар? (Ел. іс. 16:1; Тім. 1-х. 4:8; Тім. 2-х. 1:5). 2) Андрені атлетикада жетістіктерге жетуге кім талпындырды және қалай? 3) Тімотеге кім жақсы әсер етті және қалайша? Андреге ше? (Тім. 2-х. 1:1—4; 3:14, 15). 4) Матай 6:24-тегі және Філіпіліктерге 3:8-дегі сөздер Андреге қалай әсер етті? Ал саған ше?
4 Эпизодтар. Фильмді көріп шыққан соң, төмендегі эпизодтарды қайта қарап, келесі сұрақтарға жауап бер. “Пауыл мен Тімоте”: Пауылдың Тімотеге айтқан соңғы өсиеті қандай болды? (Тім. 2-х. 4:5). “Ехобаға ең жақсысын беру”: Сен қандай рухани мақсаттар қойдың? “Ехобаны таңдау”: Шынайы бақыт неге байланысты? “Әженің кеңесі”: Шайтанның әлемінде жұлдыз болуға талпынудың қандай қаупі бар? (Мат. 4:9). “Артқа қарап жалтақтамау”: Не нәрсені түсінгенің өмірден қанағат алуыңа көмектеседі? (Нақ. с. 10:22)
5 Сұхбат. Төмендегі бөлімдердің әрқайсысын қарай отырып, Ехобаға өзіңдегі ең жақсы нәрсені беруің үшін не істеуге болатыны жайында ойлан. 1) “Өзіңді пайдасыз нәрселерге арнайсың ба, әлде Ехобаға ма?” (Жох. 1-х. 2:17); 2) “Қызметтен қуаныш алу” (Заб. 26:14); және 3) Қызмет аясын кеңейту (Мат. 6:33).
6 Өткенді еске алу. Жауап бере аласың ба? 1) Бір бауырластар қандай мақсаттарға талпынған және неге? 2) Олар қандай жетістіктерге жеткен? 3) Оларға өмір қалыптарын өзгертуге не әсер еткен? (Қор. 2-х. 5:15). 4) Кейін олар қандай теократиялық мақсаттарға талпынатын болды және неге олар екі қайықтың басын ұстай алмайтындарын түсінді? 5) Олар өмір қалыптарын өзгерткендеріне өкіне ме? 6) Бұл бауырластардың әсіресе қандай сөздері сендерді өмірлеріңдегі мақсаттарың туралы ойландырып тастады?
7 Қосымша сұхбат. Бұл сұхбаттан Ехобаға көбірек қызмет ету үшін не істеуіңе болатынына қатысты не білдің? 1) “Жеке зерттеудің маңыздылығы”, 2) “Уағыздаудың әр түрлі жолы”, 3) “Бетелдік қызмет” 4) “Ғалақад мектебі” 5) “Қызметті жетілдіру мектебі”. “Қосымша мәлімет көздері көрсетілген индекстегі” өздеріңді қызықтырған тақырыптарға қатысты көбірек мәліметтер тауып оқыңдар.
8 Сонымен, өміріңді не нәрсеге арнайтыныңды шештің бе? Пауыл Тімотені: “Осыларды орындап [“Осылар жөнінде ой жүгіртіп”, ЖД], өзіңді соған арна; бәрі де бұдан сенің алға басуыңды көре алсын”,— деп шақырған (Тім. 1-х. 4:15). Осы фильмнен көріп естігенің туралы ой жүгіртуге шақырамыз. Ехобадан бүгіннің өзінде қуаныш пен қанағат сезіміне бөлейтін және болашақта бақытты өмірге жеткізетін дана шешім қабылдауыңа көмектесуін сұра.
[6-беттегі қоршау]
НЕГІЗГІ МЕНЮ
Фильм
Эпизодтар (11 эпизод)
Сұхбат
Бәрін көрсету
Бөлімдер (3 бөлім)
Өткенді еске алу
Қосымша мәліметтер
Қосымша сұхбат
Қосымша мәлімет көздері көрсетілген индекс
Субтитрлер
Нашар еститіндерге
Жоқ
Фильмнің қажетті жерін көру үшін экрандағы “Келесі ▶”, “◀ Артқа” және “Негізгі меню” деген клавишаларды басу керек