Қызмет кездесулерінің кестесі
Ескерту: “Біздің патшалық қызметімізде” жаз айларындағы әр аптада өтетін қызмет кездесуінің кестесі беріледі. Қауымдар “Иса Мәсіхтің соңынан еріңдер” деп аталатын облыстық конгреске байланысты өзгерістер жасауларына болады. Орынды болса, облыстық конгрестің алдындағы аптада осы айдағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы жергілікті аймақта қолдануға болатын кеңестер мен ескертулерді қайталауға 15 минут бөліңдер. Ал конгрестен кейін бір-екі ай өткен соң, қызмет кездесуінде (мүмкін, “Жергілікті қажеттіліктердің” орнына) конгресте айтылған маңызды ойларды қайталауға 15—20 минут бөліңдер. Қайталауды қызмет бақылаушысы жүргізуі керек. Жариялаушылардан осы мәліметтерді қызметтерінде қалай қолданып жүргендерін немесе қалай қолданғылары келетінін сұра.
9 сәуірден басталатын апта
23-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. “Шәкірт дайындау ісіне бәрі де үлес қоса алады”a. 4-абзацқа келгенде, бауырластардан шомылдыру рәсімінен өтпей тұрғанда оларды қауым мүшелері қалай жігерлендіргенін сұра. Бір-екі бауырласты алдын ала дайындап қоюға болады.
20 мин. Дүниежүзілік науқан. “Иса Мәсіхтің соңынан еріңдер” деп аталатын облыстық конгреске шақыруb. 3-абзацқа келгенде, жариялаушылардан өткен жылы облыстық конгреске шақыру қағазын тарату кезінде қандай қызықты оқиғалар болғанын сұра немесе 2007 жылғы “Жылнаманың” (ор.) 7-бетінен 10-бетіндегі тақырыпшаға дейінгі мәліметті қолдан.
4-ән және соңғы дұға.
16 сәуірден басталатын апта
18-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. 8-беттегі немесе өз аймақтарың үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 сәуірдегі нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин. “Құдай Сөзін қорықпай уағыздаңдар”c. Уақыт болса, залдағылардан Жазба орындарын түсіндіріп отыруға шақыр.
20 мин. “Адамдар үйлерінде болмаған кезде”d. Бұл бөлімді қызмет бақылаушысы дайындайды.
3-ән және соңғы дұға.
23 сәуірден басталатын апта
24-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Келесі аптадағы Қызмет кездесуінде “Жастардың сауалдары. Қандай мақсаттарға ұмтылуыма болады?” деп аталатын DVD-дисктегі драма (ор.) талқыланатындықтан, бәрін де оны көріп шығуға шақыр. “Негізгі меню” деп аталатын қоршауды көрсет те, DVD-дискті қалай қолдануға болатынын түсіндір.
10 мин. Жарқырап тұрған нұр неткен тамаша! 2007 жылғы “Күзет мұнарасының” (ор.) 15 наурыздағы санының 12—14 беттеріне негізделген баяндама.
25 мин. “Лайықты жүріс-тұрыс танытып Иса Мәсіхтің соңынан еріңдер”e. Бұл бөлімді қауым төрағасы жүргізеді. Қауымның қай конгреске баратынын айт. “Облыстық конгреске байланысты ескертулер” деп аталатын қоршауды шолып шық.
28-ән және соңғы дұға.
30 сәуірден басталатын апта
19-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Сәуір айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Өміріңді не нәрсеге арнайсың? (1-бөлім.)”f. 1, 2-абзацтарға қысқаша тоқталып өткен соң, 3, 4-абзацтарға берілген сұрақтар бойынша талқылау жүргіз. 3-абзацтағы 4-сұрақты талқылап жатқанда, Жазба орындарының екеуін де оқы. Соңында “Негізгі меню” деп аталатын қоршауға тоқталып өт. Бәрін де келесі Қызмет кездесуінде талқыланатын DVD-дисктегі “Сұхбат” пен “Қосымша мәліметтерді” көріп шығуға шақыр.
27-ән және соңғы дұға.
7 мамырдан басталатын апта.
20-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Діни кездесулер өтетін орындар. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 11-тарауына негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
20 мин. “Өміріңді не нәрсеге арнайсың? (2-бөлім.)”g. 5—7 дейінгі абзацтарға қойылған сұрақтар арқылы бірден талқылауды бастай бер. Талқылауды 8-абзацтағы жігерлендірерлік сөздермен аяқта.
25-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
f Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
g Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.