Құдай Сөзін қорықпай уағыздаңдар
1 Кейде мектепте не жұмыста мүмкіндік туғанда, өз сенімің туралы айтуға тартыншақтайтын кезің бола ма? Сен үшін туыстарың мен көршілеріңе немесе бөтен адамдарға куәлік ету қиын ба? Куәлік ету мүмкіндігі туындағанда “Құдай сөзін... қорықпай уағыздауға” не көмектеседі? (Філіп. 1:14)
2 Тартынба. Егер жақын досыңа не туысыңа жала жабылып жатса, оған араша түсуден тартынып қалар ма едің? Ең жақын досымыз Ехобаға ғасырлар бойы жала жабылып келеді. Сол себепті қазір бізде ұлы Құдайымызды қорғап сөйлейтін керемет мүмкіндік бар (Иш. 43:10—12). Ехобаға деген терең сүйіспеншілігіміз именшектікті немесе қорқыныш сезімін жеңіп, шындық туралы батыл куәлік етуге талпындырады (Ел. іс. 4:26, 29, 31).
3 Айтып жүрген хабарымыздың ізгі хабар екенін ұмытпа. Оған құлақ асқан адамдар зор пайдасын көреді. Егер өзімізді не қарсыластарымызды емес, ізгі хабардың маңыздылығын ойлайтын болсақ, бұл батылдықпен уағыздауымызға көмектеседі.
4 Басқалардың үлгісі. Құдай Сөзін батыл уағыздаған адал адамдардың өмірі туралы ой жүгірткеніміз де бізді жігерлендіреді. Мысалы, Енох Ехобаның Құдайдан безген күнәкарларды соттайтынын батыл жариялаған (Яһд. 14, 15). Ал Нұх болса адамдардың немқұрайдылығына қарамастан, адалдықпен уағыздаған (Мат. 24:37—39). Алғашқы мәсіхшілер “діни даярлықтан өтпеген қарапайым адамдар” болса да, қатты қуғын-сүргінге қарамастан уағыздауларын тоқтатпаған (Ел. іс. 4:13, 18—20). “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарында Ехобаға деген сенімдерін паш ете отырып, адам алдындағы қорқынышты жеңіп, ізгі хабардың белсенді жариялаушысы болған замандастарымыздың өмірбаяндары жиі жазылып тұрады.
5 Өткен уақыттағы қиыншылықтарға кезіккен адамдардың өмірбаяндарын оқығанымыз бізге батылдық береді (Пат. 3-ж. 19:2, 3; Мар. 14:66—71). Олар ‘Құдайға сене отырып, Оның Ізгі хабарын жариялауға батылдары барды’. Бұл біздің де қолымыздан келеді! (Сал. 1-х. 2:2)