Қызмет кездесулерінің кестесі
8 қаңтардан басталатын апта
7-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Бәрін де 22 қаңтардан басталатын аптадағы қызмет кездесуінде талқыланатын “Қаннан бас тарту. Медицина көзқарасын өзгертуде” (ор.) деп аталатын бейнефильмді қарап, талқылауға дайындалып келуге шақыр.
15 мин. “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасының пайдасы. 2007 жылғы “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасының кіріспесіне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Күнделікті тармақтарды және оларға берілген түсініктемелерді қарастыруға күн сайын бірнеше минут бөліп отырудың бәріне де пайдалы екенін айт. Алдын ала дайындалған бір-екі жариялаушыдан күнделікті тармақты қарастыруға қалай уақыт табатынын және оның қандай пайдасын көріп жүргендерін сұра. Соңында 2007 жылғы жылдық тармақты қысқаша талқылап өт.
20 мин. Ізгі хабарды бәріне айт. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 92-бетінен 102-бетіндегі тақырыпшаға дейінгі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
6-ән және соңғы дұға.
15 қаңтардан басталатын апта
20-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. 4-беттегі немесе аймақтарыңда қолдануға болатын басқа ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 қаңтардағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсет. Адамның “уақытым жоқ” дегеніне қарамастан, әңгімені қалай жалғастыруға болатынын көрсет (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастыру жолдары” (ор.) деп аталатын кітапшаның 11, 12-беттерін қара.).
15 мин. Қажетті қадамдар жасауыңа кедергілер бар ма? Ақсақалдың 2002 жылғы 1 маусымдағы “Күзет мұнарасының” 23, 24-беттеріне негізделген баяндамасы.
20 мин. “Мен бұндайға қызықпаймын”a. 4-абзацты талқылағанда, жариялаушылардан жергілікті тұрғындарды қандай тақырып қызықтыратынын сұра. Адамның “мен бұндайға қызықпаймын” деп айтқанына қарамастан әңгімені жалғастырудың екі жолын көрсет (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастыру жолдары” (ор.) деп аталатын кітапшаның 8, 9-беттерін қара.).
11-ән және соңғы дұға.
22 қаңтардан басталатын апта
28-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
10 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин. “Ең жақсы емдеу тәсілі қандай?” Бұл бөлімді ақсақал дайындайды. Мақаладағы сұрақтарды пайдаланып, “Қаннан бас тарту” деп аталатын фильмді талқылауға бірден кіріс. Соңғы абзацты талқыламай оқып шық та, бәрін келтірілген мәлімет көздерін қайтадан мұқият қарап шығуға шақыр.
26-ән және соңғы дұға.
29 қаңтардан басталатын апта
9-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаңтар айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Ақпан айында тарататын әдебиеттерді айтып өт және бір ұсыныс көрсет.
20 мин. “Сен табиғи апатқа дайынсың ба?”b. Бұл бөлімді ақсақал дайындайды. 2005 жылғы қарашадағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 3-бетіндегі мәліметке де көңіл аудар.
15 мин. Қайтып келемін деп уәде еткен болсаң, қайтып бар. 1999 жылғы 15 қыркүйектегі “Күзет мұнарасының” (ор.) 11-бетіне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Жариялаушылардан уәделерін орындап, қайта барғанның арқасында қандай жақсы нәтижеге қол жеткізгендерін сұра.
16-ән және соңғы дұға.
5 ақпаннан басталатын апта
4-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Мен кім екенімді жасырмаймын! Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Кейбір жастар құрдастары күлкіге айналдырады деп қорқатындықтан, өздерінің Ехоба Куәгері екендерін айтқылары келмейді. Алайда өздеріңнің кім екендеріңді айтқандарың дұрыс. Мұның бірнеше себебі бар. Сендердің кім екендеріңді білетін мұғалімдер, көзқарастарыңа құрметпен қарайтындықтан, дұрыс емес нәрселерді істеулеріңді талап етпейтін шығар. Ал Құдайдың принциптерін сыйламайтын жастар сендерді бұзақылық жасауға итермелеуден тартынатын болады. Басқалар болса, неге қарама-қарсы жынысты адаммен достаспайтындарыңа, мектептегі спорт жарыстарына не басқа да сабақтан тыс өтетін шараларға қатыспайтындарыңды түсінетін болады. Әрі өздерің де мектепте куәлік етуден не уағыздап жүріп сыныптастарыңды кездестіріп қалудан қорықпайтын боласыңдар (g02-U 22.3 12-б.). Жариялаушылардан мектепте Ехоба Куәгері екендерін жасырмағанның қандай пайдасын көргенін сұра. Бір-екі адамды алдын ала дайындап қоюға болады.
20 мин. “Сүйіспеншілік таныту — жемісті қызмет етудің бірден-бір жолы”c. 2003 жылғы 1 мамырдағы “Күзет мұнарасының” 32-бетіндегі 16, 17-абзацтарында келтірілген ойларды айтып өт.
24-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.