“Мен бұндайға қызықпаймын”
1 Кей жерлерде адамдар біздің хабарымызға көбінше осылай жауап береді. Мұндайда мұңайып қалмауымызға не көмектеседі? Ізгі хабарға адамдардың қызығушылығын қалай оятуға болады?
2 Қуанышыңды сақта. Адамдардың неге ізгі хабарды тыңдауға зауқы жоқ екенін түсінгеніміз қуаныш сақтауға көмектеседі. Эволюция теориясына сеніп немесе атеистік қоғамда өскен адамдар Киелі кітапты бағаламауы мүмкін. Басқалар болса діндегі екіжүзділікті көріп, көңілдері қалған болуы ықтимал. Ал тағы біреулер үміттері ақталмай, жақсылықтан күдер үзген (Ефес. 2:12). Кейбір адамдар күнделікті тірліктің уайымынан шыға алмай жүргендіктен де ‘ештеңені ойламайды’ (Мат. 24:37-39, Тт).
3 Бірақ кейбіреулердің тыңдағысы келмегеніне қарамастан, қызметіміздің Ехобаны даңқтайтынын білгеніміз қуанышымызды сақтауға көмектеседі (Пет. 1-х. 4:11). Оның үстіне, тіпті шындықты бағаламайтын адамдардың өзіне уағыздағанымыз өз сенімімізді нығайтады. Учаскеміздегі адамдарға Ехобаның көзімен қарауға тырысайық. Ол Ниневидегі “жақсы мен жаманды айыра алмайтын” халықты аяған (Жүн. 4:11). Учаскеміздегі адамдар ізгі хабарға мұқтаж! Сондықтан берілместен олардың Киелі кітапқа деген қызығушылығын оятудың жолын іздей беруіміз керек.
4 Жергілікті жағдайды әңгіме ет. Мүмкін, сөзіңді жергілікті жағдайлардан бастап, бұған қатысты үй иесінің көзқарасын сұрайтын шығарсың. Жауабын тыңдаған соң, Киелі кітаптан оны толғандыратын мәселеге қатысты жұбаныш беретін ойды көрсет. Бір қайғылы оқиғадан соң, сол аймақта тұратын бауырлас әр есіктің алдында болған оқиғаға шын өкінетінін айта бастаған. Кейін ол былай деген: “Бір кезде адамдар менімен сөйлесе бастады. Өмірлеріне шынайы қызығушылық танытқандықтан, сол күні мен көп адаммен жақсы әңгімелестім”.
5 Адамзаттың басына түскен қиыншылықтың бәрін Құдай Патшалығы шешеді. Үй иесін әсіресе қатты толғандыратын мәселені біліп алуға тырыс. Сонда ол Киелі кітаптағы үміт беретін хабарға құлақ асар. Болмаса, бұл туралы ‘басқа уақытта тыңдар’ (Ел. іс. 17:32, Тт).