Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2006 жылғы 25 желтоқсанда басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2006 жылдың 6 қарашаның басталатын аптасы мен 25 желтоқсанда басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Киелі кітап тармақтарына дұрыс алғы сөз айтуымызға не көмектеседі? (be 148-б., 4-абз. — 149-б., 1-абз.)
2. Сөздер мен сөз тіркестеріне дұрыс екпін түсірудің кейбір жолдары қандай? (be 151-б., 5-абз. — 152-б., 3-абз.)
3. Адамдарға Құдай Сөзін үйрету маңызды іс болып табылатындықтан, ‘Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйрету’ үшін не істеуіміз керек? (Тім. 2-х. 2:15) (be 153-б., 1—3 абз., қоршау; 154-б., 1, 2-абз.)
4. Тармақтардың тақырыппен байланысын қалай айқын көрсетуге болады? (be 154-б., 4-абз., — 155-б., 3-абз.)
5. Мәліметтің іс жүзіндегі пайдасын айқын көрсету неге маңызды және ол үшін не істеуге болады? (be 157-б., 1—4 абз., қоршау; 158-б., 1-абз.)
№1-ТАПСЫРМА
6. Баяндамашы жоспар құрғанда, тым көп жазбауға не көмектеседі? (be 42-б., 1-абз.)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
7. Есбосат қастандықпен өлтірілген соң, қанша уақыттан кейін Дәуіт бүкіл Исраилдің патшасы болды? (Пат. 2-ж. 5:1, 2)
8. Дәуіттің келісім сандығын Иерусалимге әкелгісі келген бірінші әрекетінен не үйренуге болады? (Пат. 2-ж. 6:2—9)
9. Исраилдіктермен қақтығыстан соң, қанша моабтықтар өлімге кесілді? (Пат. 2-ж. 8:2)
10. Дәуіт пен Барсабия күнә жасағанда, неге олардың балалары өлу керек болды? Заңды қайталау 24:16-да және Езекиел 18:20-да әкесінің күнәсі үшін баласы жауапты емес екені айтылған ғой (Пат. 2-ж. 12:14; 22:31).
11. Неге санақ жүргізгені үшін Дәуіт ауыр күнәға батқан? (Пат. 2-ж. 24:1)
12. Неге балқытып құйылған “теңіздің” тұғырына өгіздің мүсіндері қолданылған? (Шеж. 2-ж. 4:2—4)
13. Сүлеймен тұрғызған ғибадатханаға алғашқы киелі шатырдың қандай жиһазы кіргізілді? (Шеж. 2-ж. 5:4, 5, 10)
14. Шежірелер 2-жазба 5:13, 14-те Ехобаның халқының мадақ жырларын тыңдағаны және оны ұнатқаны неден көрінеді? (w94-U 1.5 10-б., 7-абз.)
15. Сүлеймен ғибадатхананы Құдайға бағыштап дұға айтқанда, Ехоба қызметшілерінің мұқтаждығын топ ретінде ғана ойламай, өзінен қорқатын әрбір адамның жағдайын жеке ескеретінін қалай көрсетті? (Шеж. 2-ж. 6:29, 30)