Сенің учаскең бар ма?
1. Жеке учаске деген не?
1 Сенің атыңа тіркелген учаске жеке учаскең болып есептеледі. Ол жалғыз өзің не қасыңа біреуді алып, тез-ақ жетіп, уағыздауға болатындай, ыңғайлы жерде орналасқан шығар. Мүмкіндігінше топ болып қызмет етуге атсалысу өте пайдалы болғанымен, әркімнің басқа кезде уағыздауға болатын өз учаскесінің болғаны түбегейлі куәлік беруге көмектеседі. Әсіресе аймақтары үлкен қауымдарда осылай еткен маңызды (Ел. іс. 10:42, ЖД).
2. Әркімнің өз учаскесі болғанның қандай пайдасы бар?
2 Пайдасы. Кейбіреулер жұмысының жанынан алған учаскеде түскі үзіліс кезінде немесе жұмыстан шыға салып уағыздаудың да пайдалы екенін көріп жүр. Басқалар болса қауымның кітап зерттеу кездесуінің алдында отбасымен бірге жақын маңда бір сағаттай уағыздайды. Нәтижесінде қайта баратын және Киелі кітапты зерттейтін адамдар жақын маңнан табылып, бұл күшті, уақытты және қаржыны үнемдеуге көмектеседі. Аз уақытта көп іс тындыруға болатындықтан, учаске алғанның арқасында кейбіреулер оқтын-оқтын қосалқы ізашар, немесе тіпті жалпы ізашар бола алады. Оның үстіне, өз учаскесінде уағыздай жүріп, ондағы адамдармен жақын танысып алатын жариялаушылар, тұрғындардың сенімдеріне кіріп, әрі ұсыныстарын да бейімдей алады, осының арқасында қызмет те әлдеқайда нәтижелі болады.
3. Учаске алған бір ізашардың оқиғасын айтып беріңдер.
3 Аудандық бақылаушы учаске алуға талпындырған бір ізашар былай дейді: “Мен оның кеңесін қабыл алдым және көп ұзамай учаскемдегі адамдармен жақсы танысып, ашық-жарқын араласып кеттім. Әрі оларға ыңғайлы уақытта келетін болдым. Сондықтан бір айда адамдарға қайта барған кездерім 35-тен 80-ге дейін өсті, сондай-ақ жеті зерттеу сабағын бастадым”.
4. Учаскені қалай алып, әрі аралап шығуың керек?
4 Не істеу керек? Учаске алғың келсе, учаскеге жауапты қызметшіден сұра. Учаскеңе басқаларды қысылмай шақыра бер, және адамдар болмаған үйлерді жазып ал. Учаскеңді төрт айда жүріп шығуға тырыс. Олай ете алмайтындай болсаң, кітап зерттеу тобының бақылаушысынан не басқалардан көмек сұра. Төрт айдан соң, оны қайтарып беруіңе, не тағы жүріп шығуға сұрауыңа болады. Алайда учаскені ұзақ ұстамай, оны басқалар да аралай алу үшін өткізгенің дұрыс. Егер аз болғандықтан, қауымыңда учаске алу мүмкін емес болса, мүмкін, кітап зерттеу тобының бақылаушысынан қандай да бір учаскенің бір бөлігін сұрап аларсың.
5. Уағыздау ісін атқару үшін не істеуіміз керек?
5 Бізге ауқымды тапсырма, ізгі хабарды “күллі әлемге” уағыздау ісі, жүктелген (Мат. 24:14). Оны атқару үшін келісіп әрекет ету керек. Топпен бірге уағыздаумен қатар, әркім өз учаскесінде уағыздайтын болса, ізгі хабарды мейлінше көп адамға жеткізе аламыз.