Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Желтоқсанда қауымда жиналып қалған кез келген 192 беттік кітап. Ондай кітаптар болмаса, “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсынуға болады. Қаңтарда “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабы. Ақпанда “Ехобаға жақында” кітабы. Наурызда қауымда бар кез келген 32 бетті кітапша.
◼ Әр қауымға өз тіліндегі 2007 жылғы “Еске алу кешінің” шақыру қағаздары жақында жіберіледі. Егер аймақтарыңда өзге тілде сөйлейтін адамдар болса, әрі сол тілдерде шақыру қағазын алғыларың келсе, мүмкіндігінше ертерек “Әдебиетке тапсырыс беру бланкі” (S-14) арқылы тапсырыс беріңдер. Еске алу кешінің шақыру қағазы қай тілде бар екені “Барлық қауымға арналған хабарландыруда” айтылады. Аймақтарыңа қажетті тілдегі шақыру қағазына ғана тапсырыс берулеріңді өтінеміз.
◼ 2008 жылғы Еске алу кеші 22 наурызда сенбі күні, күн батқан соң болатынына көңіл аударуларыңды өтінеміз. Бұны бір Патшалық Сарайын бірнеше қауым қолданып жүрген болса, яғни өзге орын табу керек болса, бауырластар лайықты зал жалдаулары үшін алдын ала хабарлап отырмыз. Ақсақалдар Еске алу кеші тыныштықта және ұйымдасқан түрде өтуіне өзге іс-әрекеттер кедергі болмау үшін ғимараттың әкімшілігімен келісулері қажет. Оқиғаның маңыздылығына байланысты Еске алу кешіне баяндамашыны таңдаған кезде, ақсақалдар кеңесі кезек орнатпай немесе жыл сайын бір бауырласты тағайындамай, қабілетті ақсақалдардың бірін таңдағандары абзал. Егер қабілетті майланған ақсақал болса, соны таңдаулары қажет.
◼ 2006 жылғы 26 қыркүйекте Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында Патшалық сарайының бағышталуы болып өтті. Бағдарламаны тыңдауға 165 адам келді.