Журналға ұсыныс дайындау
1. Неге ұсыныстарды “Біздің патшалық қызметімізден” жатқа айтып бергеннен гөрі өзіміздің дайындағанымыз дұрыс?
1 Сен: “Журналға ұсыныс дайындаудың қажеті не, “Біздің патшалық қызметіміздің” әр санында дайын ұсыныстар шығып тұрмай ма?”— деп сұрауың мүмкін. Иә, көп жариялаушы бұл ұсыныстардың көмегін көріп жүргенімен, өзіміздің де дайындағанымыз қажет. Себебі бір жерде тиімді болатын ұсынысты басқа жерде айта алмауымыз мүмкін. Сондықтан “Патшалық қызметіміздегі” ұсыныстарды дәлме-дәл айтып шығуға тиіспіз деп ойламауымыз керек. Тіпті ол ұсынысты қолдансақ та, ондағы ойларды өз сөзімізбен айтып шыққанымыз дұрыс болады.
2. Ұсынысты негіздейтін мақаланы қалай таңдауға болады?
2 Мақала таңда. Алдымен журналды оқып шығып, өзің тұратын жерде қолдануға болатын әрі өзіңе ерекше ұнаған мақаланы таңдап ал. Сенімділікпен және шабыттанып сөйлегеніңді көріп, үй иесі де оны оқығысы келуі мүмкін. Ұсынысыңды адамды жақсы қызықтыратын мақалаға негіздеп дайындасаң да, журналдың басқа да мақалаларымен жақсылап танысып шық. Сонда бұл тақырыпқа қызықпайтын адамдарға кезіккенде, ұсынысыңды бейімдей аласың.
3. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сөздеріңді қалай бастайсың?
3 Сұрақ қой. Келесі қадам — алғашқы сөздеріңді жақсылап дайындау. Бұл өте маңызды. Ойландыратын сұрақ қойғаның үй иесін өзің таңдаған мақаланы оқуға талпындыруы мүмкін. Адамның көзқарасын білуге бағытталған сұрақтар жақсы көмектеседі. Үй иесін ыңғайсыз жағдайға қоятын немесе қорғануға мәжбүр ететін сұрақтардан аулақ бол.
4. Мүмкіндік болса, Жазба орнын оқып кеткеннің қандай пайдасы бар?
4 Жазба орнын оқы. Соңында үй иесінің тыңдауға мүмкіндігі болса, оқып беретін Жазба орнын дайында. Бұл өзің дайындаған мақаладағы Жазба орындарының бірі болуы мүмкін. Сонда үй иесі айтып жүрген хабарымыздың Құдай Сөзіне негізделгенін түсінеді (Сал. 1-х. 2:13). Тіпті ол журналды алмаған күнде де, Жазба орнының өзі оған куәлік береді. Кейбіреулер сұрақ қоймас бұрын, Жазба орнын оқып беру арқылы үй иесінің қызығушылығын оятады. Мысалы: “Мен сіздің назарыңызды Киелі кітаптың мына бір тармағына аударайын деп едім”,— деп бастауға болады. Одан кейін адамның қызығушылығын арттыру үшін, журналды ұсынбас бұрын, ішіндегі оқыған тармаққа қатысы бар ойды көрсетіп, қысқаша түсіндіріп өт.
5. Журналға ұсыныс дайындағанда, қандай негізгі басшылықтарды есте ұстаған дұрыс?
5 Журналды ұсынуға қатысты қатып қалған тәртіп жоқ. Жалпы айтқанда, ұсынысың қысқа да нұсқа болсын. Өзіңе қолайлы әрі тиімді ұсынысты қолдан. Журналдың құндылығына назар аудар және шабыттанып сөйле. Жақсылап дайындалсаң, ‘мәңгі өмір сүруге ыңғай танытқан’ адамдарға журналды жақсырақ ұсына алатын боласың (Ел. іс. 13:48).