Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.06. 8-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдың қызметшілері ретінде әдепті болайық
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Үйлеріңді ұсына аласыңдар ма?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Қауымның кітап зерттеу кездесуінің пайдасы
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Есік алдында тұрғанда әдептен озбайық
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
Біздің патшалық қызметіміз. 2006
km 11.06. 8-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Қауымның кітап зерттеу кездесуіне келгенде, мәсіхшілер ретінде жүріс-тұрысымыз қандай болу керек?

Біз ешқашан көршілеріміздің назарынан тыс қалмаймыз, сондықтан олар кейде біздің жүріс-тұрысымызға қатысты ойларын сөздерімен не істерімен білдіріп жатады (Қорынттықтарға 1-хат 4:9-ды салыстырыңдар). Ехобаның қызметшілері ретінде біз олардың бізге жақсы қарағанын қалаймыз (Пет. 1-х. 2:12). Бұл қауымның кітап зерттеу кездесуіне келгендегі жүріс-тұрысымызға да қатысты. Осы кездесулер көбінше бауырластардың үйлерінде өтетіндіктен, жақсы мәнерімізді барлық істе көрсетуге тырысуымыз керек. Мысалы, көлік қоятын жер тар болса, кездесу өтетін үйдің көршілерінің ашуын тудырмау үшін, неге бірнеше адам келісіп, көліктерін кезектесіп мініп келмеске? Жақындарымызға деген сүйіспеншілігіміз көлігімізді олардың наразылығын тудыратындай етіп қалай болса солай қоя салмауға талпындырады.

Біз бас қосуға әрқашан қуаныштымыз, сондықтан осындай бас қосатын жерлерде дауыстарымыз жарқын-жарқын шығып жатады (Мих. 2:12). Алайда жақсы мәнерді ұмытпасақ, әрі басқаларға мұқият болсақ, тым қатты сөйлемеуге тырысамыз (Мат. 7:12; Ғал. 6:10). Мәсіхшілерге тән сүйіспеншілігіміз сыртта қараусыз жүгіріп жүрмеу үшін және басқалардың мүлкіне зақым келтірмеу үшін балаларымызға бас-көз болуға талпындырады (Нақ. с. 29:15; Қор. 1-х. 13:4, 5). Бұған кездесу өтетін үйде де лайықты жүріс-тұрысты ұстану жатады. Егер топта дұрыс емес әрекет байқалса, көршілердің наразылығын және қонақжайлылық танытып отырған үй иелеріне қиындықтар тудырмау үшін және кездесуге келген адамдардың мазасын алмау үшін ақсақалдар бірден сүйіспеншілікпен нақты кеңес берулері керек.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу