Қызмет кездесулерінің кестесі
9 қазаннан басталатын апта
23-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. “Басқаларға Құдаймен достасуға көмектес”a. Бауырластардан басқалардың үлгісі мен шын жүректен айтқан дұғалары оларды рухани өсіп, шомылдыру рәсімінен өтуге қалай талпындырғанын сұра.
20 мин. № 37 “Патшалық туралы хабарды” таратуға дайындал. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Қыркүйек айындағы “Біздің патшалық қызметімізде” айтылғандай, осы науқанға қатысты қандай шаралар ұйымдастырылғанын айтып өт. Бәрін де науқанға белсене атсалысуға шақыр. Жариялаушыларды жетістік жасап жатқан қызығушылары бар болса, олар науқанға шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы ретінде қатыса ала ма, сол жағын қарастыруға шақыр. Ата-аналар да балалары осы іске атсалыса алатын-алмайтынын қарастыруларына болады. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 79—81 дейінгі беттерінде жазылған талаптарды қысқаша айтып өт.
4-ән және соңғы дұға.
16 қазаннан басталатын апта
20-ән.
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. 8-беттегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 қазандағы нөмірін № 37 “Патшалық туралы хабармен” бірге қалай ұсынуға болатынын көрсет
20 мин. Қауымның кітап зерттеу кездесуінің пайдасы. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 69-бетіндегі тақырыпшадан 72-бетіндегі тақырыпшаға дейінгі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
15 мин. “Сен үшін басты орында тұрған не?”b. Алдын ала дайындалған жариялаушылардан Патшалық мүддесін басты орынға қою үшін тірліктерін қалай ұйымдастыратындарын және осының арқасында қандай батаға ие болып жатқандарын сұра.
25-ән және соңғы дұға.
23 қазаннан басталатын апта
11-ән.
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Уағыздауға арналған кездесудің толық пайдасын көр”c. 3-абзацқа келгенде, 2001 жылдың қыркүйек айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” (ор.) сауалдар жәшігінде кездесуді жүргізуге лайықты ер бауырлас болмаған күнде не істеуге болатынына қатысты 4-абзацта не айтылғанын айтып өт.
12-ән және соңғы дұға.
30 қазаннан басталатын апта
1-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қазан айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді және № 37 “Патшалық туралы хабардың” нешеуін таратқанын бланктің артына жазып қоюды жариялаушылардың естеріне сал.
15 мин. Сыныптастарыма қалай уағыздауыма болады? 2002 жылдың 22 наурызында шыққан “Ояныңдар!” журналының (ор.) 10—12 дейінгі беттеріндегі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Тыңдаушылардан мектепте уағыздағанда, қандай қызықты оқиғалар болғанын сұра.
20 мин. № 37 “Патшалық туралы хабарды” таратуға қатысты болған қызықты оқиғалар. Жариялаушылар № 37 “Патшалық туралы хабарды” тарату қандай жақсы нәтижелер бергенін айтып берсін. Аймақтарыңда бұл хабар қандай көлемде таратылғанын және оны 12 қарашаға дейін толық жүріп шығу үшін не істеу керек екенін айт. Адамға қайта келгенде, “Құдай талап етеді” кітапшасын пайдаланып, не айтуға болатынын көрсет. “Патшалық туралы хабарды” басқалар тарата берулері үшін, тарата алмайтындарын науқан аяқталғанға дейін қайтып әкелуді жариялаушылардың естеріне сал.
26-ән және соңғы дұға.
6 қарашадан басталатын апта
8-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. 2005 жылғы “Біздің патшалық қызметіміздің” 5-бетіндегі немесе өз аймақтарыңда қолдануға болатын басқа бір ұсынысты пайдаланып, “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын қараша айының екінші жартысында қалай ұсынуға болатынын көрсет. Уақыт болса, залдағылардан бұл кітапты уағыздау кезінде немесе отбасында қолданудың қандай пайдасын көргендерін сұра.
15 мин. Ақсақалдың қосымшаға негізделген баяндамасы.
20 мин. Құдай Сөзін уағыздау — сергітерлік іс. 2002 жылдың 15 қаңтарындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 8, 9-беттеріне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Жариялаушылардан қызмет оларды қалай сергітетінін сұра. Бір-екі жариялаушыны алдын ала дайындап қоюға болады.
13-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.