Қыркүйекте “Ояныңдар!” журналының арнайы басылымын ұсынамыз
1 Адамдардың бәрі дерлік құстардың сайраған үнін немесе күннің батып бара жатқан сәтін тамашалауды ұнатады. Алайда осы нәрселерді сүйіспеншілігі мол Көктегі Әкеміздің жаратқанын бәрі бірдей мойындай бермейді. Сондықтан бізге “Ояныңдар!” журналының арнайы басылымын ұсыну арқылы Жаратушы ретінде Ехоба туралы куәлік ететін керемет мүмкіндік туып тұр (Иш. 40:28; 43:10). Қыркүйек айындағы “Ояныңдар!” (ор.) журналы толығымен “Жаратушы бар ма?” деген тақырыпқа арналады.
2 Учаскеде. Мүмкін болса, әр сенбіде қауыммен үйме-үй жүріп уағыздауға тырыс. Әрине, бұл журналды аптаның басқа күндерінде де ұсына береміз. Мектептегі мұғалімдер мен білім беру жүйесінде жұмыс істейтін адамдарға да бұл журнал әсіресе қызықты болуы мүмкін. Сондықтан учаскеңдегі осындай адамдарға бару үшін, арнайы шаралар ұйымдастыруға болады.
3 Қызығушылық танытқан адам болса, келесі жолы не туралы сөйлесетініңді айтып кет. Мысалы, сүйіспеншілігі мол Жаратушының неге осыншама қасіретке жол беріп отырғаны туралы сұрақты таңдауға болады. Ал келесі жолы “Білім” кітабының 8-тарауын қарастырыңдар. Сондай-ақ Жаратушының жерге қатысты ниеті қандай деген сұрақты таңдап алып, келесі жолы 1-тарауды талқылауға да болады.
4 Мектепте. Егер мектеп оқушысы болсаң, неге мұғалімдер мен оқушыларға сый ретінде “Ояныңдар!” журналының бір-бір данасын үлестіріп бермеске? Журналды үстелдің үстіне қойып қойсаң, көрген адамдар сенімің туралы сұрай бастауы мүмкін. Сондай-ақ сынып сағатында немесе реферат дайындағанда, журналдағы мәліметтерді қолданғың келетін шығар. Саған көмек ретінде журналдың “Жастардың сауалдары” деп аталатын айдарында “Жаратушыға деген сенімімді қалай қорғауыма болады?” деп аталатын мақала жарияланған.
5 Ехоба Жаратушы ретінде құрмет пен ұлылыққа лайық (Аян 4:11). “Ояныңдар!” журналының қыркүйектегі санын қуанышпен ұсыну арқылы Ехобаны даңқтаймыз, әрі басқаларды да солай етуге талпындырамыз.